Кез келген мемлекеттің өркениетті тұрғыда дамуы үшін басты алғы шарт – жариялылық, ашықтық. Осы орайда «Көкпекті – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Гүлмира Ордаханова білім беру мекемелерінде болып, әлеуметтік санаттағы оқушылардың қамсыздандыру барысымен танысты.
«Шығыс - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қазан айына арналған жобалық тапсырмасына сәйкес, аудан әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, «Көкпекті - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Г.Ордаханова әлеуметтік санатқа жататын оқушыларды қамсыздандыру жұмыстарына мониторинг жүргізді.
Көкпекті ауданы бойынша білім беретін 37 мектеп бар. Білім беру ошақтары бойынша аз қамтылған және көпбалалы отбасыларынан 434 бала білім алады. Көпбалалы отбасынан 505 бала.
«Мектепке жол – 2021» республикалық қайырымдылық акциясы аясында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен кеңсе тауарларымен 342, аяқ-киіммен 1161, киіммен 160, оқу формасымен 1141, азық-түлікпен 120 оқушы қамтылған.
Көкпекті ауданы бойынша инклюзивті оқытудағы балалардың жалпы саны 119. Инклюзивті оқытуда 25 бала компьютермен қамтамасыз етілсе, 25 бала интернет желісіне қосылған.
Мониторинг жүргізу барысында «Көкпекті – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Г. Ордаханова Үлкенбөкен ауылындағы мектеп-балабақша кешенінде және Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейінде болды.
Әлеуметтік санатқа жататын оқушыларды қамтамасыз ету жұмыстары толығымен жүргізілді.
«Көкпекті – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.