Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
«Мемлекеттің болашағы жастардың қо-лында. Жастар - ел ертеңі»,- деп жатамыз. Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас буынға үлгілі, өнегелі тәрбие беру, елжандылыққа баулу – мемлекеттік жастар саясатының басты міндеттерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар, еліміздің жас азаматын Отансүйгіштікке тәрбиелеу мен белсенді өмір ұстанымын қалыптастыруда ардагер ата-апаларымыздың өмірі мен еңбек жолдары таптырмас үлгі.
«Тимуршылар» командасы деген баяғы Кеңес Одағы кезінде кең таралған үрдіс еді. Ол кезде де мектеп оқушылары жалғызбасты қарт ата-әжелердің үйлеріне барып, қолғабыс көрсетіп, суын тасып, отынын жарып, үйін тазалап, әктеп беретін. Көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созуды өз ұранына айналдырған «тимуршылардың» қазіргі аяқ алыстары мақтауға тұрарлық. Жастық шақтарын ел мен жердің гүлденуіне арнап, маңдай терлерін төккен ардақты аталар мен ақ жаулықты әжелерге құрмет көрсету – бүгінгі буынның басты парызы деп білеміз. Мектеп оқушыларын өз елінің патриоты болып өсуге, салауатты өмір салтын, тазалық мәдениетін насихаттау және үлкендерге құрмет көрсету мақсатында аудандық деңгейде игі істер атқарылуда.
Биылғы қыс жайлы басталғанымен жаңа жыл қарсаңында түскен қалың қар көкпектіліктерді қарбаласқа түсіргені анық. Осыған орай, қарт адамдардың немесе көмекке мұқтаж жандардың басына біршама қиындықтар туғаны рас. Мұндайда техника көмегінен бұрын осындай оқушылардан құрылған қайырымдылық топтың көмегі тиімді болып тұр.
Көкпекті ауданы бойынша барлығы 32 білім беру мекемесі бар.Осы білім ордалары ұжымының оқушыларды ең-бекке, үлкенге құрмет етуге, мұқтаж жандарға көмек беруге тәрбиелеп жатқаны көңілге қуанышұялатады. Қаншама қарт адамның алғысына бөлену, балалардың мерейін өсіріп, өмірге деген, адамдарға деген сүйіспеншілігін арттырмай ма?
27 желтоқсан күні ауыл мектептеріндегі «тимуршы-лар» жасағы Ұлы Отан соғысы ардагерлері, оларға теңестірілгендер және тыл еңбеккерлеріне, жалғыз басты қарттарға тұрмыстық көмек көрсету бойынша 32 топтан тұратын 208 оқушы, 57 қарттың, оның ішінде Ұлы Отан соғысы ардагері төрт, тыл ардагері жеті және 46 жалғызбасты зейнеткердің ауласын қардан тазарту, отын-суларын тасып беру жұмыстарын атқарды. Аудандық білім беру бөлімінің берген ақпаратында: «Романов негізгі мектеп тыл ардагері К.Бекембаеваға, Амангелді орта мектебі жалғызбасты, зейнеткер қарттар А.Солтанбаева, Б.Мамытова, Н.Мұхаметнұровқа көмектессе І.Жансүгіров атындағы орта мектеп оқушылары 1-топтағы мүгедек, зейнеткер Т.Ахметовқа қол ұшын берді. Пушкин атындағы орта мектеп оқушылары жалғыз басты қарт З.Шапавалова, тыл ардагері Чернова, зейнеткер Т.Бекшойынованың ауласының қарын тазалап, суын тасуға көмектесті. Октябрь «Мектеп-балабақша» кешенінің оқушылары жалғызілікті, тыл ардагері А.Мезяннаға, Шәріптоғай негізгі мектебінің оқушылары Ұлы Отан соғысы ардагері М.Халиуллинге көмектесті. Аудан орталығындағы, Ж.Шайжүнісов және Көкпекті орта мектептері Ұлы Отан соғысының ардагері А.Түсіпбеков, Б.Ақшаловқа көмектерін көрсетті. Көкжота орта мектебінің 9-10 сынып оқушылары тыл ардагері Ж.Рапеков, жалғыз тұратын қарт Б.Рақымжановаға, Қ.Аухадиев, Мамай ауылындағы Аманкелді орта мектебі М.Маскаманов және қарт ана С.Қартаеваның ауласының қарын тазалады. Ал, Преображенка ауылындағы, Преображенка орта мектебіндегі 10 топтан құралған 25 «тимуршылар» тобы 10 қарт адамға көмектесті. №1 Самар орта мектебі зейнеткерлердің ауласын қардан тазартты. Казнаковка орта мектебі жалғызбасты ана К.Елеусизова, М.Кучерявина, Н.Самойлова, еңбек ардагерлері М.Суюндуков, С.Аскаровқа көмектесті. Көкжайық орта мектебі қарт зейнеткерлер Самадиев, В.Полиенко, Злобинаға көмектесті. Новотимофеевка орта мектебі тыл ардагерлері К.Байдакпаев, А.Юрченко, Болғанбаев атындағы орта мектеп еңбек ардагерлері Н.Түкірбаева, Ж.Сейтеноваға көмек көрсетті. Куйбышев негізгі мектебі жалғызбасты қарт Халиульдинаға өз көмектерін берді. Әуезов атындағы орта мектептің оқушылары ауыл қариялары А.Михаилова,Н.Жұмашарипова, А.Огневқа, Палатцы негізгі мектебінің оқушылары ауылдағы 12 қарт адам- М.Злобина, С.Шкуропатов, Н.Устьянцев, В.Огурцов, Д.Третьякова, М.Малыхин, В.Цицерь, Н.Усов, А.Сатпаева, К.Тюлюбергенев, С.Феофанова, Н.Тембельге өздерінің көмегін көрсетті», - делінген. Бұл аудандағы барлық мектептердің осы игі іске белсенділікпен қатыс-қанын көрсетеді.
Қорыта келе айтарымыз, білім ордаларындағы ұстаздар қауымы бүгінгі ұрпағымыздың бойына қамқорлық жасай білу, қайырымдылық сынды қасиеттерді сіңіріп жатқаны әркімді қуантады.
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.