Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары  барысында ерекше рекорд тіркелді....

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...

  • Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

    31.10.2024 08:56
  • КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    19.09.2024 04:44
  • ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    12.09.2024 06:55
  • Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    20.08.2024 15:11
  • АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    12.08.2024 06:02

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Елімізде соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқан қазақ күресі бүгінде көкпектілік палуандардың оң жамбасына келіп тұр. Тау көтерген аңыз Толағай бауырында алып тұлғалы тарландар туған талай. Күш атасы Қажымұқан, Балуан Шолақ, Боранқұл, Битабар сынды жауыны жерге тимеген алаштың асыл азаматтарымен аты қатар аталатын Молдабай балуанның жекпе-жектері арқылы төл күресіміз жалғауын үзбей Көкпекті өңірінде көктеп келеді.
Біздің өңірде туып өскен Молдабай Текеұлының бұл жалғаннан озғанша жауырыны жерге тимеген балуандық қайраты кезінде жалпақ жұртқа аңыз болып тарапты. Мәселен бұрынғы «Большевик» ауылында құдыққа түсіп кеткен атан өгізді мүйізінен сүйреп шығарғаны, Зайсан қаласында бәстесіп, ұзындығы екі метрлік көлденең тартылған керме ағаштан он пұттық салмақты асыра лақтырғанын көзі көрген қариялар бертінге дейін жырдай қылып айтып отырған екен. Бұл туралы баспасөз бетінде жарық көрген деректер де бар.
Көкпекті өңірі балуандық мектебінің шарықтау шегі алашқа әйгілі Дәулен балуанның атымен тығыз байланысты. Қазақ күресінің жаңа бір қырынан түлеп, қайта жаңғырған дәуірінің бастауында тұрған Ұлы Абайдың 100 жылдық торқалы тойына арналған белдесу болғаны анық. 1945 жылдың күзінде өткен күресте қазақ елінің барлық апайтөс даралары боз кілемде сынға түскен. Көкпектілік Дәулен Әбікенов Абыралы елінің жойқын күш иесі Әшкен балуанды ақтық сында алып ұрып, Абай тойының бас балуаны атанды.
Одан бергі уақытта ауданнан алғаш шыққан самбо және дзюдо күресінен КСРО спорт шебері Серік Тлебалдин, жеті дүркін ел чемпионы Металбек Болғамбаев бекзат өнерді дамытуда тындырымды тірліктердің атқарғанын білеміз. Өткен ғасырда Самар, Үлкенбөкен, Тассай, Қарағандыкөл, Көкжайық, Шұғылбай ауылдарында ұлттық күрес кең құлаш жайып, өзіндік күрес мектебі қалыптасты. Ондаған ел чемпиондарын тәрбиелеп шығарған Қадырбек Насиев жаттықтырушы Биғаш ауылында қазақ күресінің сара жолын салды. Осы мектептің жарқын өкілдері ағайынды Бауедимовтар. Көкжайықтық Бекет Омарбеков дзюдодан Азия чемпионы және әлем біріншілігінің жүлдегері. Шұғылбайлық Ерболат Құнанбаев самбодан ел чемпионы. Осындай алдыңғы буын өкілдерінің дара жолын жалғап жатқан білекті балуандармен қатар білікті жас жаттықтырушылар да бой көрсетіп келеді ауданда. Үлкенбөкенде Дәурен Данабеков, Тассайда Арман Ізғұтдинов, Көкжайықта Данияр Орынбеков жас балаларды қазақ күресіне тынбай баулуда. Олардың бағындырған белестері мен алған асулары да аз емес.


Төл күрестің кең насихатталып жатқанын көріп те, біліп те жүрміз. Ауыл - аймақта дүбірлі бәсекелердің өтіп жатқандығынан ел хабардар. Қазақ күресі дегенде жанкүйер біткенннің делебесі қозып кететіні бар. Желтоқсанның 12-ші жұлдызында Көкпектіде дүбірлі дода өткізілді. Тәуелсіздік күніне арналған оқушылар арасындағы ауданаралық қазақ күресі жарысына 12 құрама қатысып, боз кілемде 120-дан астам балуан бақ сынасты. Осымен бесінші жыл қатарынан өткізілген дәстүрлі жарыстың бас ұйымдастырушысы Қарымсақов Санат Батанұлы. Төл күресті көтермелеп, жалықпай насихаттап жүрген атпал азаматтың маңдай тері мен адал еңбегі еселеп ақталғанын жыл сайын ауқымы артып, деңгейі жоғарылаған жарыстың барысынан-ақ анық аңғару қиын емес.
Аса тартысты белдесулерді тамашалауға жиылған жанкүйер қатары көп-ақ. Көкпекті орта мектебінің спортзалына төселген бозкілемде облысымыздың әр түкпірінен жиналған жас ба-луандар бірі-бірінен именген жоқ. Әрқайсысының бітімі бөлек, жеңіске деген жігері ерекше. Қазақ күресінен Азия чемпионы семейлік Арнұр Жакупов жарысқа бас төрешілік етіп, Күршім, Тарбағатай, Абай аудандарынан келген қонақ құрамалардың әділқазылыққа күман тудыруына жол бермеді. Қарсыластарын қаусай құлатып, жамбастап женген балуандар қатарынан Тарбағатайдан келген Азамат Серіков, Олжас Бағдатов, Нұрсұлтан Кәдірұлы, тассайлықтар Ерасыл Амангелдин мен Азамат Ноғайбаев, үлкенбөкендік Олжас Айтқалиев пен Әділжан Артықпаев өз салмақ дәрежесінде жеңіске жетіп, жарыстың чемпиондары атанды.
Соңында жүзден жүйріктер анықталды. Жарыстың «Түйе палуан» атағы сарапқа салынған бәсірелі бәсекеге әсіресе, үлкенбөкендік Аман-гелді Ғизатоллаев тыңғылықты дайындықпен келіпті. Қарсыластарын жұмарлай жеңген жүректі жігіт соңғы белдесуде тарбағатайлық Шалқыбек Рахметоллаевты қырқа шалып, шалқасынан түсірді. Республикалық «Жас барыс» турнирінің жүлдегері биылғы бабының мықтылығын тағы бір нықтап, Тәуелсіздік күніне арналған жарыстың «Түйе палуан» атағын иемденді. Онымен қоса, чемпиондық белбеуді олжалаған балуан сый-құрметке көмілді.
Иә, біздің балуандар шалып та жығады, алып та ұрады. Тау көтерген Толағайға тамсанып өскен елдің ұлдары бүгінде қазақ күресін оң жамбасына жатқызып тұр. Дәулен балуанның ізі қалған киелі өлкеден әлі талай апайтөс алыптар мен қайратты балуандар шығып, ел мерейін үстем қыларына сенім зор. Өңірімізде ұлттық күрестің жанашыры молайып, қолдайтын азаматтар қатары көбейсе көк байрақты туымызды көкпектілік ұландар желбіретеді әлем көгінде!

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз