Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары  барысында ерекше рекорд тіркелді....

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...

  • Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

    31.10.2024 08:56
  • КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    19.09.2024 04:44
  • ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    12.09.2024 06:55
  • Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    20.08.2024 15:11
  • АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    12.08.2024 06:02

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің отырысында еліміздегі кәсіпкерлік ұлттық экономиканың ілгерілеуші күшіне айналуға тиіс деген еді. «Біз алдымызға әлемнің экономикасы барынша дамыған отыз елінің қатарына қосылу жөнінде ауқымды мақсат қойдық. Қуатты экономика - кәсіпкерліктің қуаттылығы, отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылығы, олардың кооперациясы. Мен отандық бизнесті қолдауды Жаңа саяси бағдардың маңызы жағынан екінші бағыты ретінде белгіледім» деді Елбасы. Сонымен бірге, ұзақ мерзімді іс-қимылға арналған бұл бағыт бірқатар жүйелі міндеттерді қамтитынына баса назар аударды.
Аудандық Кәсіпкерлер Палатасы филиалының құрылғанына көп уақыт өте қойған жоқ. Десек те, аз уақыт ішінде ілкімді істер тындырған Палата жұмысы көңілге қонымды. Бастысы - кәсіпкерлер қауымының сенім артып, арқа сүйер қамқоршысына айнала білді. Палата директоры Алия Мұқашева кәсіпкерлер үшін бірімен айтысып, бірімен тартысып мүддесін қорғауда. Өйткені, бизнес өкілінің артында ел әл-ауқатының артуы мәселесі тұрғаны белгілі. Арқалаған жауапкершілік жүгі ауыр. Соған қарамастан, Алия Орынбекқызы басқаратын Палата филиалы үлкен шаруалар атқарыпты. Оны жүзеге асырылған нақты істерден көруге болады.


12 қарашада Көкпекті аудандық Кәсіпкерлер Палатасы филиалының директоры атқарылған жұмысы туралы жиналған көпшілік алдында есеп берді. Есептік жиынға келген кәсіпкерлер қатары тым көп бола қоймауы да біздің іскер азаматтардың әлі де ақпараттық сауаттылықты арттыруға аса көңіл бөле қоймауынан деп білген жөн шығар. Мүддесін қорғап, кәсібін дөңгелету үшін барын салып жүрген Палата ісіне бей-жай қарау – өз кәсібінің болашағына деген немқұрайлық.
- Қазіргі таңда Кәсіпкерлер палатасы кәсіп-керлерді құқықтық қорғау, әкімшілік кеде-гі-лерді азайту, кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалардың аудандық дең-гейде тиімділігіне талдау жасау, өңірлік даму картасын жүзеге асыру және өзге де бағыттар бойынша жұмыстар атқарып келеді. Аталмыш бағыттардың қай-қайсысы болмасын, кәсіпкерлікті дамытуға, қолдау көрсетуге бағытталған. Жалпы, біз кез келген кәсіп бастап, нәсіп тапқысы келген азаматтарға кеңес беріп, қолдауға дайынбыз, - дейді Алия Орынбекқызы
Осы орайда жыл басынан бері кәсіпкерлердің 1080 өтініші қаралған. Кәсіпкерлер құқығын қорғау бойынша 102 өтініш түсіп, оның 92 нысаны оңтайлы шешімін тапты. Ең көп қаралатын мәселе жер қатынастарын реттеу, мемлекеттік сатып алулар, салық, рұқсаттама алуға қатысты. Прокурор жанындағы Кеңестің 8 отырысы өткізіліп, онда 24 түйінді мәселе қаралған. Отырыс қорытындысы бойынша қаралған түйінді мәселелердің 50 пайыз-дан астамына оң шешім шығарылды.
«Табыс табам деп тақырға отырып қалмаймын ба?» деген кәсіпкерлер бар. Мысалы, солардың тәуекелін бекіту үшін жаңа жобаларына талдау жасап, бизнесінің болашағы бар ма, өндірген өнімі өте ме, деген сауалдарына жауап берудің өзі үлкен жауапкершілік.
- Кәсіпті жаңадан бастағысы келген талапкерлерге біз «Бизнесті неден бастау керек, бизнес жоспар деген не?» дегеннен бастап көмектесеміз. Сол үшін де кәсіпкерлерді кезең-кезеңімен оқытып, бизнестің қыр - сырын үйретеміз. Алдымен, көкпектілік кәсіпкерлер мен өз кәсібін ашуға талпынып жүрген азаматтар «Бизнес-кеңесші» жобасы аясында арнайы курстардан өтеді. Оқу барысында қатысушылар жеке бизнесін ашуға қажетті маркетинг, адам ресурстарын басқару, бизнесті жүргізудің құқықтық негіздері, қаржылар туралы білімді меңгереді. Оқу аудан орталығында ұйымдастырылды, оны кәсіби бизнес-тренерлер өткізді. Ең маңыздысы – тегін өткізіледі. «Бизнес-кеңесшіде» биылғы жылы 107 адам дәріс алды. Осы кезеңнен өткеннен кейін «Бизнес өсу» жобасына қабылдаймыз. Бұл кезеңде жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлерге кешенді қызмет түрлері көрсетіледі. Яғни, жобалаған бизнесіне жан-жақты талдау жасалады. Шығаратын тауарына нарықта сұраныс бар-жоғын, болашағы қалай болары зерттеледі. Бұл кәсіпкердің өзінің жобасының тиімді-тиімсіз екенін анықтауына жәрдем болады, - дейді филиал директоры.
Кәсіпкерлер палатасы 121 мүшесі бар жас кәсіпкерлер базасы мен 725 қатысушысы тіркелген нәзік жанды кәсіпкерлер базасын жасақтауды жолға қойып отыр. Кәсіптік бағдар беру бойынша атқарылған жұмыстар бір бөлек. Іргелі білім ордаларында өткен кәсіптік бағдар беру шараларында 2649 оқушы қамтылғаны айқын көрсеткіш. Нәтижесінде 7 бірдей кәсіптік бағдар беру кабинеттері ашылды. Бұл бағытта 19 дөңгелек үстел, 6 семинар, 21 қызметтік кездесулер өткізілген. Аталмыш шараларға жұмыс берушілер, жоғарғы оқу орындарының өкілдері, еңбек ардагерлері тартылғаны жұмыстың тиім-ділігін еселей түскені даусыз.
Палата басшысы шағын және орта бизнеске мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау жөнінде жіліктеп айтып берді. Және әлем елдерін қыспаққа алып отырған дағдарыстың салқынынан қорықпай, жеңілдікпен берілетін несиелерді пайдалана отырып, кәсіпкерлікті дамытуға, ауданды дамытуға өз үлестерін қосуға шақырды.

 

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз