Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Палатцы, Миролюбовка ауылдық округінің тұрғындары бүгін Сарыбел ауылында қонақта. Олар жай ғана қонақ емес, ауданда әдеттегідей бастау алған «Достық» керуенінің белсенді қатысушылары. Биылғы жылғы керуеннің тақырыбы «Үлкен ел – үлкен отбасы», ол Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылды-ғына орайластырылған. Сарыбел ауылының көпұлтты халқы қонақ-тарды құшақ жая қарсы алды.
Күздің бұл күні мерекеге сай әдет-тегіден тыс жылынып, айналасына шуақ шашқан күн сәулесі ауыл ше-тінде еркелей аққан Ертіс айдынына шағылысып, ерекше нұрландырып тұрды. Тап-тұйнақтай таза ауылдың кеңсесі де жақында ғана жөндеуден өткен, ауылдық клуб та көркімен көз тартады, ал Жеңістің 70 жылдығына орай қайта қалпына келтірілген ескерткіш аудан бойынша үздіктердің қатарында аталады. Осындай сәулет үйлесімділігін бүгінгі кеңінен жайылған жәрмеңке бояуы, әсем әуен одан әрі толықтыра түс-кендей. Жәрмеңкеге көрші ауылдан кел-ген қонақтар да, жергілікті тұрғындар да белсене қатысып, келушілерге сан түрлі тауарын ұсынды. Бір-бірімен амандасып, жәрмеңкені аралап болған халық клуб үйіне кіріп жайғасқан сәтте мерекеге арнайы келген аудан әкімі Р.Н.Сағандықов жиналған қауымға сөз арнап, бүгінгі мерекемен құттықтады. «Қазақстан халқы биыл мерейтойлы жылды қорытындылағалы отыр. Біздің ауданның тұрғындары да елімізде аталған Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Конституцияның 20, Қазақ хандығының 550, Ассамблеяның 20 жылдығын атап өту барысында белсенділік танытып, ынтымақшыл екенін көрсете білді. Ынтымағымыз арта берсін», - деді Рамиль Нығметжанұлы. Біздің ауданда Ұлы Отан соғысының ардагерлері аз қалды. Солардың бірі, осы Сарыбел ауылында тұратын қадірлі ақсақал П.Я.Балахоновқа аудан әкімі жиын үстінде сыйлық ұсынды. Ауылдастарына байырғы ұстаз Г.Попова жүрекжарды тілегін айтып, бүгінгі келген керуеншілерге ауылдастарының атынан алғыс білдірді. Сарыбел ауылдық округінің әкімі К.Сақуанова округтегі туризм кластерін дамыту бойынша слайд көрсетіп, округтің әлеуетін паш етті. Жиналған қауым алдында Миролюбовка ауылдық клубінің меңгерушісі В.Берш халықтар достығы туралы баяндама жасап, соған сәйкес слайд көрсетілді.
Әдеттегідей керуен бағдарламасында әлеуметтік, медициналық қызмет көр-сету салаларының, басқа да дербес бөлімдердің мамандары қабылдау жүргізді. Бұл күні аудан әкімі Р.Сағандықов, аудан әкімінің орынбасары К.Смаилова және жер қатынастары бөлімінің маманы В.Паксюткин, аудандық жұмысқа орна-ластыру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы Ә.Бишуақова тұрғын-дарды түрлі мәселелер бойынша қа-былдады. Аудан әкіміне «Жайлау» бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жатқан байырғы шопан Н.Қимадиев кіріп, өзінің шаруашылығын дамыту үшін тағы да несие алуға ықпал етуін өтінді. Несие шарты бойынша 100 бас қой алған шопан қазір жұмысын дөңгелетіп отыр, несие бойынша берешегі жоқ. Сондықтан да Рамиль Нығметжанұлы бұл мәселені тиісті мамандардың алдына қойып, қарастыруға, барынша қолдау көрсетуге уәде берді. Ауылдық клуб меңгерушісі Ә.Арыстанғалиева аудан әкімінің орынбасарына клубқа музыкалық қондырғы алу мәселесін шешуді өтінді. Ауыл мәдениетінің дамуына жағдай бар, клуб жанында өнерпаздардан құрылған ансамбль, «Хозяюшки» тобы, кітапханада тоқымашылар үйірмесі жұмыс істейді. Бүгінгі күні қабылдауда болған адамдар барлық сауалдарына тұщымды жауап тапты.
Ауылдың медициналық пунктінде ШЖҚ «Ауданаралық аурухана» КММ дәрігерлері педиатр С.Смағұлова, гинеколог Д.Сүлейменова, терапевт Т.Мұқажанова, офтальмолог А.Арапова бірнеше сағатқа созылған қабылдау жүргізді. Медициналық көмек алуға келген тұрғындарға тиісінше кеңес беріліп, олардың көбіне орталыққа келіп, сараптамалық тексеруден өту ұсынылды.
Ал, бұл кезде ауылдағы орта мек-тептің спорт залында бастауыш сынып оқушылары арасында «Көңілді старттар» шарасы қызу жүріп жатты. «Жүйріктер» және «Алғырлар» командасы болып екіге бөлінген кішкентайлар осы жарыста жеңімпаз атану үшін бар күштерін салды. Ал жарыс түрі расында да қызықты еді: қасықпен су тасу, қап киіп жүгіру, секіртпемен жүгіру – тағы басқа да бала жанына жақсы көңіл күй сыйлайтын сайыстар. Балалар олардың бәрін күліп-ойнап жүріп атқарды. Дегенмен, бір ғана ұпай артық алған «Жүйріктер» жеңді. Бұл жарысты ұйымдастырған жас ұстаздарға спорт бөлімінің бас маманы С.Теміржанов алғыс білдірді.
Ал Палатцы, Сарыбел орта мек-тептерінің жоғарғы сынып оқушыларына «Теріс пиғылды секта – олар кімдер?» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Сабақ тек оқушылардың ғана емес, ата-аналардың, мұғалімдердің, қонақтардың да қызығушылығын тудырды. Самар орталық мешітінің имамы Бекболат қажы мен СвятоПокров шіркеуінің дін қызметкері протоиерей Николай әкей балаларға жат ағымдық секталардың пиғылын әшкерелеу, бүгінгі күні әлемде қалыптасып отырған діни экстремизм және діннің тазалығы, рухани байлық туралы айтты.
Кәсіпкерлер Палатасының аудандық филиалының директоры А.Мұқашева кәсіпкерлікпен шұғылдану, қазіргі кезде қажетті бизнес түрін анықтай білу туралы сабақ өткізді. Ауылдан бес адам өз бизнесін ашуға ниет білдірді.
Керуеннің сәнін ән мен би келтіреді. Бұл күні ауыл тұрғындары үшін Қ.Ал-тынбаев атындағы аудандық және Самар Мәдениет үйлерінің әртістері тамаша өнер туындыларын тарту етті. «Өнерде шекара жоқ», - деген сөз бүгінгі мерекенің мәнін одан әрі аша түсті, өйткені шырқалған ән мен биленген би көпұлтты кең байтақ еліміздің өнерін алақандай ауылдың сахнасында паш етіп, жиналған қауымның жүрегіне жол тапты. Керуендегі барлық шара ынтымақ гүлінің одан әрі гүлдене түсуіне, жаңадан қауыз жарып келе жатқан жастарға патриоттықтың ұрығын себуге ықпал еткені сөзсіз.
Клара НҰРПЕЙІСОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.