Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары  барысында ерекше рекорд тіркелді....

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...

  • Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

    31.10.2024 08:56
  • КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    19.09.2024 04:44
  • ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    12.09.2024 06:55
  • Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    20.08.2024 15:11
  • АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    12.08.2024 06:02

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев ұсынған және бүкілхалықтық референдумда халық қолдаған еліміздің негізгі заңы – Конституция Қазақстанның алға қарай қадам басуы, әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуының жолбасшысы болып табылады. Тәуелсіздігімізбен бірге өмірге келген Ата Заңға биыл 20 жыл толып отыр. Бүкіл Қазақстан халқы тамыздың тамылжыған соңғы күндерінде ел Конституциясының осы мерейтойын зор өрлеу үстінде атап өтті. Көпұлтты Отанымыздың Негізгі заңының мерейтойын самарлықтар «Достық туы- жоғары» ұранымен өткізді.

Еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің негізі болып саналатын Конституцияның 20 жылдық мерейтойына орай, Самар ауылындағы орталық кітапхана негізінде аудандық Қоғамдық келісім үйі ашылды. Біздің ауданда 21 ұлттың өкілі өзара тату, келісімде өмір сүріп жатыр. «Асыл мұра» және «Мирас» қазақ, «Хофнунг» неміс, «Вера» орыс, «Туған як моннары» татар этномәдени қоғамдық ұйымдары жұмыс істейді. Бұл келісім үйінің ашылуы ауданымыздағы этномәдени бірлестіктер мен басқа да азаматтық қоғам инс-титуттарын біріктіре отырып, аудан тұрғындарының ынтымағын, ұлтаралық татулығын қамтамасыз ету мәселесін шешуге мүмкіндік береді.


Болашақ келісім үйінің алдында әр ұлттың қоғамдық және этномәдени бірлестіктерінің мүшелері аудан әкімі Р.Сағандықов бастаған ауданның лауа-зымды тұлғаларын, қонақтарды шашу шашып, нан-тұзбен қарсы алды. Ішке қарай өткен қонақтар тілдерді үйрену орталығы, балалар кітапханасы, этнография кабинетін аралап көрді. Келісім үйінде бұдан басқа үлкен акт залы да бар. Қонақтарға осы зал сахнасынан «Асыл қазына» әжелердің фольклорлық-этнографиялық клубының мүшелері әннен шашу шашты. Конференц залда өткен «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы» атты «дөңгелек үстел» тақырыбы да достыққа, толеранттылыққа арналды. Пікірталас алаңында мешіт имамы діни мәдениет,

мектептердің тарих пәнінің мұғалімдері қазақ ұлтының қалыптасуы, ұлтаралық татулық туралы өз ойларын айтты. Сонымен бірге, мұнда бұл күні «Ата заңым-айбыным» атты балалардың сурет көрмесі де ұйымдастырылды.
Осы айтулы мерекеге орай тұсауы кесілген Келісім үйінің ашылу салтанатына қатыса отырып, аудан әкімі Р.Сағандықов: «Біздің ауданның көпұлтты халқы тату-тәтті, бір үйдің балаларындай өмір сүріп жатыр. Мына бүгінгі ашылып отырған Келісім үйі олардың ынтымағының одан әрі арта түсуіне ықпал етіп қана қоймай, өскелең ұрпақ тәрбиесіне зор үлес қосады деп білемін. Елбасының мемлекетіміздегі үштілділік саясатын жүзеге асыруда тілдерді дамыту орталығының да атқарар міндеті ауқымды», - дей келе, Достық үйінің жұмысына сәттілік тіледі.
Әрі қарай мерекелік бағдарлама Самар тарихи-өлкетану мұражайы мен Балалар шығармашылық үйіне ойысты. Бұл жерде де аудан басшысы мен қонақтар туған өлкенің жетістіктерін, оның тарихын жасаған азаматтарының еңбегін дәріптеу, жастарды өнерге, көркемдікке, патриотизмге баулудың озық үлгісін, шығармашылық ізденімпаздық пен іскерлікті көрді. Рамиль Нығметжанұлы мұражай жетекшісі Г.Дүсіпова мен Шығармашылық үйі басшысы Г.Штукертке алғыс айта отырып, әрі қарай да табысқа жете берулерін тіледі.
Шынайы халықтық мерекеге айнал-ған көрініс Самар ауылындағы орта-лық алаңда жалғасты. Мұнда бүкіл бұқараның назарын аударып, тәнті еткен күздің алғашқы жәрмеңкесі қанат жайып, тұрғындар мен ауыл қонақтары ауылшаруашылығы өнімдерінен дастархандарына қор жасады. Көкөніс, бақша өнімдері, ет, балық, май, жемістің түр-түрі, мал азығына жем, тіпті құрт-ірімшікке дейін осы жерден табуға болады.
Мереке өтіп жатқан Самар ауылының шаруашылықтары, жеке кәсіпкерлер, өндіріс орындары ең көп өнім саудалады. Бұл күні жәрмеңкеге «Дүсіпов» шаруа қожалығы нан-тоқаш, «Рыбпром» ЖШС балық өнімдерін әкелсе, омарташы Қ.Тұңғышпаев ара балын келісін 700 теңгеден сатты. Бақшашы Мұса Тұрсын бақша өнімдерін ұсынса, кәсіпкер Ләззат Дуанбаева жеміс, гриль тауығын сатты. Шынар Ақбидаева пісіріп ұсынған кәуап бағасы 500 теңгеден болса да айналасына қаншама адамды үйірді.
Жылдағыдай «Қалисатарұлы» шаруа қожалығы күнбағыс майын (3 л - 700, 5 л – 1200 теңге), қабы 1000 теңгеден құрама жем, 1200 теңгеден бидай әкеліп, оны алушылар әп-сәтте талап әкетті.
Әр ауылдық округтерден келген базаршылардың да халыққа ұсынған өнімдері талап үдесінен шыға білді. Құлынжондық көкөніс өсіруші ағайынды Зүлфиевтер, О.Ким – қияр, қызанақ, кәді, қауын мен қырыққабатты молынан әкелді. Сонымен бірге, құлынжондық ауыл тұрғындары – құрт-ірімшік, сүзбе, сары май, үй тауығының жұмыртқасын, картопты арзан бағамен сатты.
Үлкенбөкен ауылдық округінен келген «Нұгыспанов» шаруа қожалығы самарлықтар мен қонақтарға арзан (900 теңге) жас таналардың етін сатты. Екі бас ірі қара еті леп-лезде сатылды. Сарыбел, Палатцы ауылдық округтері ұсынған семіз қой еті, балық, нан-тоқаш өнімдері де өз алушысын жылдам тапты. Палатцы ауылдық округінде бақша өсіретін «Дмитрий» шаруа қожалығының келісін 30 теңгеден сатқан қарбызы, 100 теңгелік қауынының иісі мұрын жарады, сонымен бірге кәді, жүгері де осы жерден табылды.
Жоғарыда аталған ауылдық округтерден басқалары бүгінгі мерекелік жәрмеңкеге қатысқан жоқ. Олардың ауылдарында өнім өндіретін шаруа-шылықтар жоқ немесе сататын азық-түлік жоқ емес, бұл ауылдық округ әкімдерінің салғырттығы деп түсіну керек сияқты. Алдағы күз айында жылдағыдай жәрмеңкелер өткізіліп тұратын болады. Бұл ауылдағы аз қамтылған отбасыларын, зейнеткерлерді, мал ұстамайтын тұрғындарды ауылшаруашылығы өнімі-мен қамтамасыз ету ғана емес, еліміздегі орын алып отырған дағдарысқа тойтарыс беру деп білу керек, сондықтан да ауыл әкімдері жәрмеңкеге жай сауда деп емес, саясат деп қараулары орынды болар еді.
Көпұлтты ауданымызда тұратын ұлттар мен ұлыстардың шағын ауылдары осы алаңға көшіп келгендей. Ж.Болғанбаев атындағы, №1 Самар, Абай атындағы (Бастаушы), І.Жансүгіров атындағы, Ж.Шайжүнісов атындағы, Миролюбовка, Преображенка, Казнаковка, Сарыбел, Октябрь орта мектептері әр ұлттың, тұрмыс-тіршілігінен, ұлттық тағамдарынан көрме ұйымдастырып қана қоймай, сол ұлттардың ән-биін де осы жерде орындап берді. Барлығы қол ұстаса шыр көбелек айналып, халықтар достығын үлкен шеңберде айнала билеп көрсетті. Осы жерде Миролюбовка орта мектебінің ұжымы ұсынған ыстық шай, құймақ пен басқа де тәтті – дәмділер, салқын сусындар халық көңілінен шықты.
Конституциямыздың 20 жылдығына орай, Ата Заң аясында егеменді еліміздің жасампаздық істерге, өркенді өзгерістерге жетуіне қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 05 тамыздағы №59 Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен және осындай төсбелгімен ауданымыздың бірқатар азаматтары марапатталды. Марапатқа Самар ауылының белгілі кәсіпкері Айша Биқатова, Бастаушы ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Шаһарбек Ғабитов, «ЖҚБ-14» ЖШС бас директоры Александр Федосов, Көкжыра ауылының фельдшері Бұлбұл Желдібаева, аудан әкімінің орынбасары Клара Смаилова ие болды. Сонымен бірге, мерейтойлық мерекеге орай, аудан әкімінің Алғыс хатына дәрігер Бақыт Нұрпейісов, «Қалисатарұлы» шаруа қожалығының басшысы Самарқан Жотабаев, Самар ауылдық округі әйлдер кеңесінің төрайымы Эмма Степанова, Сарыбел ауылының тұрғыны Сайранбек Жолдыбаев, Ардагерлердің аудандық кеңесі төрағасының орынбасары Нүрилә Шалова және Самар балалар қолөнері мектебінің ұжымы ие болды. Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептің оқушысы, Көкпекті спорт мектебінің тәрбиеленушісі, халықаралық деңгейдегі спорт додасында зор жетістіктерге жетіп жүрген таэквон-дошы Самал Ғазизова аудан әкімінің Грамотасымен марапатталды.
Жыл сайын еліміздегі саламатты өмір салтын қалыптастыру, ұлт денсаулығын нығайту бағдарламасын жүзеге асыру, жастарымыздың спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында өтіп тұратын аудан әкімінің жүлдесіне арналған аудандық спартакиаданың жеңімпаздары осы мерекелік салтанат барысында марапатталды. Аудан әкімінің бағалы сыйлығы мен Кубогын аудандық спартакиадада бірінші орын алған Самар, ІІ орын алған Көкжайық, ІІІ орын алған Шұғылбай, IV орын алған Белое, V орын алған Үлкенбөкен ауылдық округтері иеленді.
Жиналған көпшілікті №2 аудандық соттың судьясы Н.Нұралинов, аудан жастары атынан Жарбол Алпысбаев құттықтады. Елбасы төрағасы болып табылатын «Нұр Отан» партиясы –Президентіміздің барлық стратегиялық бастамаларын іске асыру жолындағы тірегі, басты көмекшісі. Осы жиынның мінбері төрінде Құлынжон ауылының бір топ тұрғындары «Нұр Отан» партиясының қатарына қабылданды. Партия билеті Г.Нұрғалиева, М.Нұғыманова, З.Сүлейменова, Ғ.Зейнекеноваға тапсырылды. Ал кәмелеттік жасқа толған А.Қалибасов, Б.Жұмағазин, С.Төлеуғазыға Қазақстан азаматының жеке бас куәлігі салтанатты түрде берілді.
Қандай мереке ән-бисіз өткен. Мерекені ашқан «Мұрагер» домбырашылар ансамблі, әншілер Шамиль Ибраев, Нұрлан Қайратұлы, Дина Самарина, Тамара Нечаева, Гүлшекер Айтолла, Шашугүл Айтмұқанбетова, Айдынгүл Жәлел, «Асыл қазына» әжелер, «Забава» казак әндері ансамблі, «Атамекен» тобы орындаған ән-күйлер мен «Тұмарым», «Шашбаулым» бишілер тобы орындаған би Отанымыз Қазақстан, сол Отанда тұратын достығы ұйысқан ұлттардың өнерін паш етіп, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Самар ауылының мақтанышы спорттық модулде спорттың әр түрінен жарыстар ұйымдастырылып, бүгінгі мереке шын мәніндегі бұқаралық сипатқа ие болды. «Жасай берсін егемен елім, жасасын оның Конституциясы!» дейді бүгінгі мерекені тамашалауға қатысқандар да, оны ұйымдастырып, өткізілуіне белсене тер төккендер де. «Отаным аман болса, біз оның қызметіне жараудан шаршамаймыз», - дейді оның еркіндігі мен азаттығы Ата Заңымен қорғалатын азаматтары.

Клара НҰРПЕЙІСОВА

 

 

 

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз