Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
«ЕңбекАгро» ЖШС –ның дала қосына келгенде механизаторлардың түнгі ауысымдағылары жаңа ғана күндізгілерге жұмысты тапсырып кеткен шағы екен. Шаруашылық басшысы М.Құ-маров егіс даласының бри-гадирі Р.Оразаметовке тап-сырмаларын беріп болған соң, кезек бізге келді.
Рашид Жақсылықұлы жас та болса бірнеше жылдан бері осы егіс даласындағы жұмыстарға жауапты. Техниканың тоқтаусыз жүріп тұруы, дер кезінде жанар-жағармаймен, себетін тұқыммен қамтамасыз етілуі соның мойнында. Таңның атысынан күннің батысына дейін тыным жоқ. Егін егу жұмыстары шаруашылықтың Жаңажол, Мариногорка және Самар ауылдарының аумағында атқарылуда. Қазіргі негізгі жұмыс күші Жаңажолда шоғырланған.
– Жалпы биыл 3000 гектардан астам алқапқа бидай, арпа, күнбағыс егілуде. 300 гектарға мал азығы қорына қажет екпе шөп ектік. Егіс жұмысына К-700, 6 МТЗ, ХТЗ, «Бюллер» тракторлары қосылған. Сонымен бірге тұқым, гербицидтер тасымалдайтын КамАздар да бар. Көктемгі егіс егу жұмысына 70 тонна ЖЖМ қажет болса, ол жағынан қам жоқ, - дейді Марат Құсайынұлы. - Біздің жігіттер жұмысты жауапкершілікпен ат-қарады. Жауын жаумай тұра тұрса, бір аптаның ішінде жұмыс аяқталады деп отырмыз,-дейді бұлт үйіріліп келе жатқан аспанға қараған шаруашылық басшысы.
Рашидпен бірге егіс ал-қаптарын аралай отырып, ұшы-қиыры жоқ дала төсіндегі қызған еңбектің көрінісіне таң-тамаша қалдық. Жерге тұқым сіңірер алдындағы өңдеу жұмысын алдыңғы трактор атқарып кетсе, соңынан тұқым сепкішпен екінші трактор кетеді. Тұқым себу жас механизатор Райымбек Отарбаев пен оның тәлімгері Талғат Байбазаровқа сеніп тапсырылған. Ал культивация жасау да оңай іс емес, оны тәжірибелі механизаторлар Досқан Анатпаев пен Рафхат Ниматов атқарады. Виктор Ярчук, Әсет Ожаров та егіс даласына бүгін шығып тұрған жоқ. Диқан еңбегінің қалай болатынын олар жастайларынан біледі. Ең жасы Райымбек былтыр ғана осы шаруашылықта іс-тәжірибеден өтіпті. Сол кезде өзін көрсете білген жігітке Самар аграрлық-техникалық колледжін аяқтаған соң осында жұмысқа тұруға ұсыныс жасалған. Өзі үйреніп қалған ортасында еңбек жолын бастағанына ол да риза. «Ағалар ылғи да ақыл-кеңестерін беріп отырады. Мен осындай адамдармен жұмыс істеп жүргеніме өзімді бақытты санаймын. Бұл сәт толқулы әрі жауапты, өйткені менің үлкен өмірге аяқ басқандағы ең алғашқы егістік науқаным»,-дейді ол. «Жастарға қолдау көрсетіп, жол сілтесең, бойында ынтасы бар мына Райымбек сияқты балалардан ертеңгі күні жақсы маман шығады. Қазірдің өзінде бізді өкшелеп қалды»,-дейді Шаруашылықтың озат механизаторы Д.Анатпаев.
Шаруашылықтағы ең озық техника «Бюллерді» Марат Асқаров басқарады. Барлық жұмысты бірден атқаратын бұл техника компьютермен басқарылады. Оны бір тәуліктен соң Сергей Ярчук алмастырады. Мараттың қасында ұлы Манат көмекші болып жүр. Ол әкесіне көмектесіп қана қоймай, техника тілін меңгеруді өзіне мақсат тұтқан. «КамАз» жүргізушісі Виктор Крамер де өзіне тапсырылған жауапты жұмыс – тұқам жеткізуді дер кезінде үлгереді. «Бір минут та тоқтай алмаймыз, өйткені қолайлы сәтті пайдаланып қалуға тиістіміз», - дейді олар.
Механизаторлардың сөзін бармағынан бал тамған аспаз Елена Рязанцева қостап қояды. Тамақ даяр тұрады, ал олар болса кешігіп, бір айналым болсын жүріп тастайық деп бөгеледі, тамақ суып қалмасын деп уайымдап жүргенің дейді ол. «Тамақтану тегін, күніне төрт уақыт ас әзірлеймін. Дала қосында аспаз болуға әбден машықтанып алғанмын. Әзірге жігіттерден сөз естіп көрген жоқпын», - дейді Е.Рязанцева.
«Көктемнің әр күні – жылға азық», - дегенді диқандар жақ-сы біледі. Сондықтан да «Ең-бекАгро» ЖШС диқандары дәннің уақыт өтпей жерге сіңірілуіне көңіл бөліп, егіс жұмысын мерзімінде аяқтау үшін тынымсыз еңбек етуде.
Клара НҰРПЕЙІСОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.