Көкпекті ауданында биыл қар ерекше көп жауғандықтан көктем кезінде өзен сулары арнасынан асып...
5 наурыз күні Абай облысының әкімі Берік Уәли 8 наурыз - халықаралық әйелдер мерекесі...
24 қазан күні Көкпекті ауданына 122 жылдық тарихы бар Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық...
20 ақпан күні Әділет Нұрсағатұлы аудан әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды...
На минувшей неделе в районном центре состоялся ряд мероприятий, посвященных Дню вывода...
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында әлеуметтік салаға айрықша назар аударған жөн екенін атап өтті. Өз сөзінде Президент әлеуметтік көмектің кімге және қалай берілетінін түгел қайта қарау қажеттігін айтты. Иә расымен де соңғы кездері, жағдайы жақсы бола тұра, тұратын үйі, тіпті, астында қымбат көлігі бар азаматтар көмекке мұқтаж жандармен қатарлас әлеуметтік көмек алып жүргендігін байқаудамыз.
Шынымен де Президентіміз өте өзекті мәселені қозғап отыр. Себебі Әділетті Қазақстанды құрудағы бұл өте маңызды қадамдардың бірі деп білемін. Әлеуметтік қызмет саласының мамандарына алдағы уақытта бұл мәселені дұрыс зерделеп, шынымен де көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетуі тиіс.
“Мемлекеттік аппарат барынша тиімді және үйлесімді жұмыс істеуі керек. Қағазбастылық, көзбояушылық дегенді доғару қажет. Осындай жағымсыз үдерістердің кесірінен жұрттың реформаға және Әділетті Қазақстанға деген сенімі азаяды. Жоғарыдан тапсырма берілгенін, азаматтардан арыз түскенін немесе жағдайдың нашарлап кеткенін күтіп отырмау керек. Бастама көтеріп, дербес жұмыс істей білу қажет”, – деді Президент.
Бұл ендігі күнде бірін-бірі қайталап жататын бақылауда тұрған сансыз көп қағаздың азаярына әкелсе қуантарлық жай. Келген құжатты ғана мерзімінде орындап, оны бақылаудан шығарып тастап қана отыратын мамандар - енді өзінің тікелей лауазымындағы міндеттерін лайықты атқарады деген сенімдеміз. Қағазбастылық пен бюрократияның тамырына шабылатын балтадай - бұл талап.
Қайрат Малғаждаров
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт-Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің алдағы уақытқа арналған негізгі міндеттерді айқындап берді. Ауылшаруашылығы саласының ардагері ретінде Президентіміздің аграрлық секторға ерекше тоқталып, ауылшаруашлығы саласының дамуына тежегіш болып тұрған кедергілерді атап өткені көңілімде қуаныш ұялатты. Үкіметке Көктемгі егіс науқанына және күзгі жиын-терінге жеңілдікпен берілетін несиені 1,5 триллион теңгеге дейін арттыру , ал инвестициялық жобаларға бөлінетін жеңілдетілген несиені 800 миллиард теңгеге жеткізу бойынша тапсырма берді. Бұл ауылдық жерлердегі ауылшаруашылығы саласымен өз күнін көріп отырған шаруаларға үлкен мүмкіндік және үлкен көмек. Мемлекет Басшысының бұл бастамасын уақытылы және орынды. Ал енді біз, ауылшаруашылығы саласындағы азаматтар мемлекет тарапынан осындай қолдау болғандықтан, білек сыбана жұмыс істеуіміз керек.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.