Көкпекті ауданында биыл қар ерекше көп жауғандықтан көктем кезінде өзен сулары арнасынан асып...
5 наурыз күні Абай облысының әкімі Берік Уәли 8 наурыз - халықаралық әйелдер мерекесі...
24 қазан күні Көкпекті ауданына 122 жылдық тарихы бар Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық...
20 ақпан күні Әділет Нұрсағатұлы аудан әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды...
На минувшей неделе в районном центре состоялся ряд мероприятий, посвященных Дню вывода...
Ақпан айының ортасы Көкпекті ауданы үшін ауа-райының күрт өзгеріп,аяз түсуі тұрғындарға (автокөлік жүргізушілерінен бастап коммуналдық қызмет өкілдеріне дейін) көптеген қиындықтар туғызды.
Ауа-райының бұзылуына байланысты Көкпекті ауданындағы елді мекендер арасында ғана емес, облыстық және республикалық маңызы бар тас жолдарда да көлік қатынасы үзілді. Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаевтың шешімімен ауа-райының қолайсыздығына байланысты ауданда жергілікті ауқымдағы табиғи төтенше жағдай режимі енгізілді.
Ауданның коммуналды қызмет көрсету саласының бар күші мен жеке кәсіпкерлердің техникасы қалың қармен күреске жұмылдырылды. Бірлескен жұмыстың арқасында Омбы-Майқапшағай республикалық тас жолының Көкпекті мен Қалбатау ауылдары аралығында қар құрсауында қалып қойған 400-ге жуық жолаушы эвакуацияланды.
2024 жылғы 5 ақпаннан бастап банк мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің қатысушысы болды. Жаңа «AQYL» депозитінің арқасында қазақстандықтар өздеріне немесе балаларының білім алуына ақша жинай алады. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ облыстық филиалының несиеден кейінгі қолдау және қызмет көрсету бөлімінің бастығы Еркежан Омарғалиева АӨКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.
- «Aqyl» білім беру депозиті Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі аясында құрылған. Ол Қазақстан азаматтарына жеке білім алуына және балаларының білім алуына алдын ала қаражат жинауға мүмкіндік береді. Оны кез келген уақытта өзіңіз үшін немесе балаңыз 3 жасқа толғаннан бастап аша беруге болады. Депозит арқылы Қазақстандағы немесе шетелдегі колледж және ЖОО-ларда оқу ақысын төлеуге болады. Білім беру жинақтау салымын кемінде 3 жыл немесе 5 жылға ашуға болады. Егер депозит кемінде үш жыл мерзіміне ашылса, онда депозит бойынша мөлшерлеме жылдық 12% - ға тең болады, - деді Еркежан Омарғалиева.
Толығырақ...С 1 февраля 2024 года банк стал участником государственной образовательной накопительной системы.
Благодаря депозиту, казахстанцы могут накопить на образование себе или своим детям. Об этом на пресс-конференции в РСК сообщила начальник отдела сопровождения и посткредитного обслуживания областного филиала АО «Отбасы банка» Еркежан Омаргалиева.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.