Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...
Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...
Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...
10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...
Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...
Көкпекті ауылында 3 наурыз күні болған тілсіз жау өрттің кесірінен болған тайталаста өрт сөндіруші жігіттер Құсмановтар отбасының үйін өрттен аман алып қалды. Басын бәйгеге тігіп, өзгенің өмірі үшін алысқан Көкпекті ауылындағы № 58 Өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Марат Серікұлы Бакеновке және осы кезекшіліктегі азаматтарға Құсмановтар отбасының алғысы шексіз.
Оқиға өткен жексенбі күні түнгі сағат 3 терде Көкпекті ауылындағы Құсмановтар отбасының монша мұржасының тұтануынан басталды.
Өрт сөндіру бөліміне түскен қоңыраудан кейін кезекшілікте тұрған лейтенант Марат Бакеновтың қарауыл тобындағы жігіттер жедел түрде өртті сөндіруге кірісті. Тілсіз жаумен ержүрек жігіттер бір сағаттай алысып, сағат 5:30 да толық өртті ауыздықтады. Оқиғаның басы қасында жүрген Марат Серікұлының мәліметі бойынша, өрт қатты өршіп моншаның жанындағы қосалқы шаруашылыққа және үйге қарай шауып бара жатты. Өртті өшіруге 9 тоннадай су кетіп, 50 шаршы метр жерде өрт сөндіріліп, ыстық өрттің ішінен 2 газ толған баллонды алып шығыпты.
Накануне празднования Международного женского дня аким Кокпектинского района Асхат Смаилов поздравил уважаемых женщин, многодетных матерей, представительниц разных сфер деятельности. Был накрыт праздничный дастархан, оказаны высокие почести представителям женской общественности, вносящим достойный вклад в развитие района. Виновницы торжества - многодетные матери, труженицы тыла – награждены заслуженными грамотами и медалями.
Наши прекрасные женщины, милые девушки честно трудятся в различных сферах деятельности. Они не только хранят тепло и уют домашнего очага, но и вносят посильный вклад в развитие Кокпектинского района, как в сферу образования, культуры, медицины, местного самоуправления, предпринимательства, сельского хозяйства, спорта, так и в другие отрасли.
Толығырақ...Көкпекті ауданының әкімі Асхат Смаилов 8 наурыз – халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында аудандағы ардақты ана -апаларды, көп балалы аналар мен түрлі салада еңбек етіп жүрген нәзік жандылар қауымын құттықтады. Мерекелік ақ дастарқан жайылып, ауданның дамуына өлшеусіз үлестерін косып келе жатқан аналарға құрмет көрсетілді. Басқосуда бірқатар көпбалалы аналар және еңбек майданында аянбай еңбек етіп жүрген әйелдер қауымы марапатталды.
Ақ жаулықты аналарымыз, намысты аруларымыз қоғамның сан түрлі саласында елге адал қызмет етіп жүр. Жанұясының ғана емес, бүкіл Көкпекті ауданының өркендеуіне үлес қосып келеді. Атап айтсақ, білім, мәдениет, медицина, жергілікті басқару, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, спорт және өзге де салаларда озат еңбегімен көзге түсіп жүрген нәзік жандар жеткілікті.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев.