Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Азамат Кәрімұлы Макенов – Көкпекті ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы:
-Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Президент Парламент, Үкімет, уәкілетті органдар және барлық мемлекеттік аппарат алдында ізденіс кезеңіндегі жұмыстың негізгі бағыттарын белгілеп, нақты тапсырмалар беріп, жаңа міндеттер қойды.
Ел Президентінің Жолдауы халқымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, шетелдік инвесторлардың жауапкершіліктерін арттыруға, адам өмірінің қауіпсіздігін қорғауға, қоғамдағы түйіткілді мәселелерді дер кезінде шешуге, халықтың мүддесін жақсартуға бағытталған. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бас-тап ең төменгі жалақы 85 мың теңге болып бекітілді. Бұл – Жолдауда Президент айтқан көп тапсырманың бірі. Яғни, еңбекақының төменгі мөлшерін көбейту арқылы 1 миллион 800 мың адам, ал бюджет саласында қызмет істейтін 350 мың азаматтың әл-ауқаты артпақ.
Президент ақша-несие саясатындағы күрделі мәселені атап өтті. Елімізде банктер табысқа қол жеткізген. Өткен жылдағы табысы 1,5 трлн теңге. Олар қалай көп табысқа жетеді? Халықты несиелеу арқылы ма? Экономикаға қосар үлесі қандай? Тұтынушы несиесін көбейтсе, неге бизнесті қаржыландырмайды? Осындай мәселелер нақты айтылды.
Мемлекет отандық өнім өндірушілерді қорғауға міндетті. Бұл – экономикамыз өзгелер үшін жабық деген сөз емес. Экономикамыз басқа елдерге әрдайым ашық болуы тиіс. Бірақ ұлттық бизнестің мүддесін қорғау керек, – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ішкі нарық демекші, оның көлемін көбейтіп, әлеуетін біріктіру үшін бір жерден басқаруды жолға қою керек. Ал бұл ретте, төлем жүйелерінің тұрақтылығын сақтау - өзекті. Сарапшылар да бұл ұсыныстың тиімділігін алға тартады.
Жолдаудың басым бағыты экономикаға бағытталғанымен, барлық экономикалық іс-шаралардың нәтижесі халықтың жағдайына тікелей әсер етуі тиіс. Жолдауда айтылған халықтың әлеуметтік тұрмысы, соның ішінде жұмыссыздық мәселесі көбірек шешім тапса дейміз. Әсіресе бұл аймақтар үшін маңызды.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз