Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қақаған аяз, қалың қар мен боран салдарынан Қалбатау-Майқапшағай жол учаскесінде де күрделі жағдай қалыптасқан. Мұнда полиция майоры Данияр Қайырханов боран кезінде көліктерге қара жаяу жол сілтеп отырды.
100 жеңіл автокөлік, 15 жүк көлігі және бір автобус ұзақ уақыт бойы Көкпекті ауылына жете алмаған. Полиция жолдарды тазартуға арналған 3 бірлік арнайы техниканың сүйемелдеуімен жолда қалып қойған жолаушыларға көмекке келді.


– Бұл жерде жиі өзгерістер болып тұрады. Тас жолда апат болды деген ақпарат келіп, оқиға орнына бардық. Техника мен құтқарушылар нөлдік көріну салдарынан тұрып қалған көліктерге өте алмады, сондықтан мен колоннадан озып жол көрсетуге шешім қабылдадым. Біз колоннаға жеткен жоқпыз, адамдарды Жарма ауданына тікұшақпен шығарып салдық, - дейді Данияр.
Әлеуметтік желіде полицейдің алда келе жатқан видеосы тарап кетті. Бірақ Данияр Қайырханов ерлік жасадым деп ойламайды.
– Онда ерекше ештеңе жоқ. Мен кезекшілікте болдым және өз міндетімді атқардым, - деп түсіндірді полиция майоры өз әрекетін.
Құтқару операциясына үш тікұшақ қатысты. Көкпекті ауданының әкімі жергілікті табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимін жариялады. Қар құрсауынан 381 адам (оның 19-ы балалар) шығарылды. Құтқарылғандардың барлығы Жарма ауданының Қалбатау ауылындағы жылыту пункттеріне, ал бір бөлігі Көкпекті ауданының арнайы пункттеріне орналастырылды. Ыстық тамақ пен уақытша баспанадан басқа, адамдарға психологиялық көмек көрсетілді.
Құтқарушылар, полиция және жол қызметкерлері жолдарды тазарту мен техниканы шығару жұмыстарын жалғастырды. Абай облысының төтенше жағдайлар департаменті қолайсыз ауа-ра-йында жолға шығудан бас тартып, елді мекеннен тыс жерлерге шықпаған дұрыс екенін тағы да еске салды.
Kazpravda.kz

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 29      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз