Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

2017 жылдың 9 тамызында аудан орталығындағы Көкпекті орта мектебінің акт залында ШҚО қоғамдық кеңесі мүшелерінің қатысуымен көшпелі отырыс болып өтті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаменті тапсырысы бойынша «Аймақтарды басқаруда қоғамдық кеңестердің әрекеті арқылы тұрғындарды тарту жолымен жергілікті жерлердегі өзін өзі басқаруды дамыту» топтамасы аясындағы дөңгелек үстелге мемлекеттік қызметкерлер, жастар, БАҚ өкілдері, квазимемлекеттік сектор қызметкерлері, педагогтар т.б ұйымдар өкілдері қатысты.


Отырыстың басты тақырыбы «Әлеуметтік инфрақұрылым нысандары, оның ішінде жалпы қолданыстағы автомобиль жолдары құрылысы кезіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» мәселесіне бағытталды. Күн тәртібі ретімен сөз алған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаменті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Асқар Асқарұлы Арыстан «Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру туралы» дәйекті түрде, қарапайым мысалдармен түсіндіріп өтті. – Сыбайлас жемқорлық Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген 2015-2025ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында сыбайлас жемқорлық «ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін» құбылыс ретінде бағаланған. Осы уақытқа дейін біз сыбайлас жемқорлықпен күресу қажет деп келсек, ендігі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл деп айтамыз. Демек, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты кінәлілерді анықтап, олардың жауапкершілігін қараумен ғана шектелмей, жалпы сыбайлас жемқорлықтың себептерін анықтап, оның алдын алуды жүзеге асыруға бетбұрыс жасады, - деді кіріспе сөзінде А.Арыстан.
Сыбайлас жемқорлық экономикалық қауіпсіздікке зиян келтіретін, ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер болып табылатын және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын тежейтін дерт екеніне тоқтала келе, қоғамды жайлаған бұл ауруға төзбеушілік жағдайына қол жеткізудің маңыздылығын және оның себеп-салдарларын түсіндіріп өтті. Олардың ішінде мемлекеттік қызметкерлердің өз қызметін асыра пайдалануы, нормативтік актілердің бұзылуы, халықтың құқықтық сауатының төмендігі, еңбекақы көлемінің төмендігі сынды себептер бар екенін тілге тиек етті.Ол аталмыш дерттің алдын алу үшін жоғарыдағы себеп-салдарларды жою, халық арасында, өскелең ұрпақ бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы және мәдениетті қалыптастырудағы азаматтық қоғамның маңызды рөлін атап көрсетті. Сонымен бірге, азаматтық сектор өкілдерінің сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, әкімшілік кедергілерді төмендету, Агенттік пен азаматтық қоғамның өкілдерінің өзара іс-қимылын, тығыз әріптестігін күшейту жайына тоқталды. Агенттікпен атқарылып жатқан түрлі жұмыстарға, аймақ бойынша анықталған пара беру фактілеріне тоқталып, көптеген мысалдар келтірді. Мәселен, 1 пара беру кезінде екі қылмыскер болатыны, оларға қолданылатын жазалар және фактіні хабарлаған адамдарға сыйақы берілетіні жөнінде әңгіме қозғады.
Келесі кезекте өз ойларын ортаға салған аудандық сәулет, қрылыс , ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысының м.а. Қ.Джилкишев сала бойынша соңғы жылдары атқарылған жұмыстарға тоқталды. Әсіресе, жол құрылысы жұмысында бірқатар заңбұзушылықтар орын алғаны және себеп-салдарлары тексеруде екендігін алға тартты. Шара барысында кезекпен сөз алған кәсіпкерлер палатасының төрайымы Ә.Мұқашева, «Нұр Отан» партиясы филиалының өкілі А.Әңкебаева, Қоғамдық кеңес төрағасы С.Мұқашев, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бо-йынша Департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Асылан Фазылбекұлы Жүкенов қозғалған тақырып аясында пікірлерін ортаға салды. Қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға тұщымды жауаптар қайтарылып, ұсыныстар айтылды. Бүгінгідей маңызды мәселе талқыланған алқалы жиыннан нәтиже шығатынына жұртшылық үлкен сенім артатынын білдірді.
Жиын соңында қатысушыларға Агенттікпен дайындалған бүктемелер таратылды.

Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз