Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті аудандық соты төрағасының м.а. Н.Жаныбекова, сот приставы Б.Қуржанбаевтың, жергілікті ақпарат құралдары өкілдерінің, «ҚР ҰЭМ ТҚҚК ШҚОТҚҚ департаментінің Көкпекті аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» РММ басшысы Г.Абдрасулованың және аталмыш ұйымның қызметкерлерінің қатысуымен «Сот кабинеті» электронды ақпарат сервисінің жұмысы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.
Сот төрағасының міндетін атқарушы Н. Жаныбекова мемлекет басшысының тапсырмаларының бірі азаматтардың сот төрелігіне кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз ету, сот жүйесінің жұмысына қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды кеңінен енгізу мәселелері екендігіне тоқталды. «Сот кабинеті» электрондық сервис сот жүйесінің айқындылығын және қол жетімділігін, жұмысын жеделдетуін қамтамасыз ету үшін, сот ісін жүргізуді оңайлату мақсатында іске қосылғандығын атап көрсетті.


«Сот кабинеті» сервисі өтініш беруге, шағым жасауға және қолдау хатты электронды түрде дайындауға арналған. Қолданушы өзіне кез келген ыңғайлы уақытта сот құжаттарын қарауға, іс бойынша тарихын немесе сот актілерін шығарып алуына болады. Жаңа электрондық қызмет көрсетулер тараптардың, сондай-ақ, мемлекеттің қаржысын және уақыттын үнемдеуге бағытталған.
Сот приставы Б.Қуржанбаевтың айтуынша, «Сот кабинеті» - ол электронды ақпараттық сервисі, сот органдарының сервистеріне электрондық түрде (онлайн) рұқсат алу үшін арналған бірыңғай терезе, сот өндірісін оңайлату мақсатында жүзеге асырылған, азаматтардың сот жүйесіне қол жетімділігін қамтамасыз етіп, бюрократиялық тосқауылдарды төмендетеді. Тек шағымданушының электронды цифрлық қолтаңбасы болуы қажеттігін ескертті. «Сот кабинетінің» негізгі артықшылығы, жеке немесе заңды тұлғалар үйден немесе кеңседен шықпай-ақ Интернет желісінде электронды түрде талап арыздарды бере алатынын, сондай–ақ, сайтта «Сот Кабинетімен» жұмыс істеу жөніндегі Нұсқаулық бар екенін айта кетті.
Аудандық сот төрағасының м.а. Н.Жаныбекова отырысты қорытындылай келе, сот жүйесінде қолданылатын ақпараттық технологияларды кең түрде пайдалану, электрондық өндірістің белсене дамуына көп ықпал тигізетінін, істер ыңғайлы, сапалы және шұғыл түрде қаралатынын айтты. Қазақстандағы сот билігін дамытудың маңызды басымдықтары 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында айқындалған. Оларға ақпараттық технологияларды қолдану аясын кеңейту, сот ісін жүргізуді оңайлату, сот төрелігінің қолжетімдігін, ашықтығын және айқындығын арттыру кіреді. Ұжым қызметкерлері қойған сауалдарына толық жауап алды.

Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз