Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті аудандық сотында сот төрағасы Ә.Бақытбекұлымен 2016 жылдың 12 айы-ның қорытындысы бойынша баспасөз-кон-ференция өткізілді.
Шара барысында сот төрағасы Ә.Бақытбекұлы статистикалық мәліметтерді айтып өтті. Сот төрағасының айтуынша, бір жыл 40 тұлғаға қатысты 34 қылмыстық іс қаралғанын, оның ішінде 23 тұлғаға қатысты 19 үкім шығарылып, былтырғы жылдың аталған кезеңінде 43 тұлғаға қатысты 40 қылмыстық іс қаралып, 23 тұлғаға 20 қылмыстық іс бойынша үкім , ақтау және ақталу себебімен істі тоқтату үкімдері сотпен шығарылмаған. Сондай-ақ, 253 азаматтық іс қаралып, оның ішінде 135 шешім шығарумен, 46 сот бұйрығы болып табылып және 7 азаматтық іс жеңілдетілген өндіріспен қаралғанын айтты. Былтыр қаралған істің саны 278, ал 298 тұлғаға қатысты 298 әкімшілік іс қаралып, ал былтыр 364 әкімшілік іс қаралғанын баяндап берді.


Аталған мерзімде Көкпекті аудандық сотымен 72 іс медиация тәртібімен қысқартылған, оның ішінде 8 қылмыстық іс, 42 азаматтық іс, 22 әкімшілік іс, ол жалпы сотпен қаралған 585 істің 12,3% құрайды. Көкпекті аумағына қарайтын барлық ауылдық округтерде сот төрағасымен ауылдық округ медиаторлары, тұрғындардың қатысуымен медиация Заңын насихаттау бойынша дөңгелек үстел, халықпен кездесулер өткізілуде.
Бүгінгі күннің талабына сай «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі сотта белсенді түрде қолданылуда, атап айтқанда сотқа түскен азаматтық тәртібінде қаралатын 251 арыздың 247 аталған сервис арқылы түскен, ол 98,4% құрайды. Қазіргі кезде барлық әкімшілік істер де «Сот кабинеті» арқылы келіп түсуде. Сот төрағасы барлық сот отырыстары дыбыс, бейнежазбалар қолданылуымен өтетінін, жеке және заңды тұлғалар арасында сот жүйесіне қатысты сұрақтарға әлеуметтік сауалнама жүргізілетіні, ол үшін сот кеңсесінде анкетаға арналған жәшік орнатылғанын атап өтті. Ағымдағы жылдан бастап «Сот кабинеті» сервисінің жаңа мүмкіндігі «Сот органына хатты жіберу» механизмі іске асырылды. Сот төрағасы Ә.Бақытбекұлы бұқаралық ақпарат құралдарымен тұрақты негізде жұмыс жасалатынын атап өтіп, 2016 жылдың 12 айында аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында 36 мақала, 16 хабарландыру, облыстық соттың сайтында 83 пресс-релиз жарияланғанын, семинар сабақтары, лекция және дөңгелек үстел сияқты шаралар сотта, мекемелерде үнемі өткізілетіндігі туралы айтылды. Судьялар мен сот мамандарына қатысты бұқарлық ақпарат құралдарында қандайда бір келеңсіз жарияланымдар орын алмағанын көрсетті.
Елбасы тапсырмаларының іске асырылуы соттар жұмысының неғұрлым кәсіби және қолжетімді, әділ әрі тәуелсіз болуына ықпалын тигізе отырып, соттар жұмысының тиімділігін арттырады.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз