Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданы прокуроры Бақытбек Батанұлы Қарымсақов 2017 жылдың 11 қаңтарында Самар және Көкпекті округі тұрғындарымен өткен кездесуде «Прокурордың 100 кеңесі» атты мобильдік қосымшаның жарыққа шыққаны жайлы хабарлады.
- «Прокурордың 100 кеңесі» мобильдік қосымшасы азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағдарланған. Жинақтың мақсаты – түрлі құқықтық жағдайларға тап болған адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сол уақытта өзін қалай ұстау керектігін, өз құқықтарын, жақындарының мүдделерін қалай қорғау керектігін көрсету. 9 тараудан тұратын кітаптан күнделікті өмірде әртүрлі мәселелер туындаған сәттерден қалай дұрыс шығу туралы кеңестер қамтылған. Мәселен, отбасындағы, бизнестегі қарым-қатынастар, өзіңді алаяқтардан қалай қорғау қажет, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу, шағым беру тәртібі, терроризм мен экстремизм туралы нені білу керек, құқыққорғау және сот органдарының өкілдерімен өзіңді қалай ұстау қажет екені туралы білуге болады, - деді Бақытбек Батанұлы.


Кездесу барысында аудан прокуроры «Отбасыңыз үшін 10 кеңес» тарауын жете түсіндіріп өтті. Оның ішінде «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу үшін не істеу керектігі» жөніндегі іс-әрекеттердің жоспарын түсіндіріп, прокурорлар рет-ретімен, қандай шаралар қолдану қажеттігі, сондай-ақ, полиция қызметкерінен өзге тағы кімдер тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуі мүмкін екені жайында айтылды. «Сіздің бизнесіңіз үшін» бөлімінде прокурорлар бизнесіңізді қорғауға кеңес береді. Егер кәсіпкерлердің құқықтары бұзылып жатқан жағдайда немесе тексеріс келгенде мемлекеттік органдардан басқа қайда жүгінуге болатынын білуге болады.
Прокурорлар колонияда өз ісін ашуға ниет білдіргендерге кеңес береді. Сондай-ақ, «Алаяқтардан қалай қорғануға болады» және тағы басқа тақырыптар да жарияланған.
Тұрғындар бұл жинаққа екі тілде Бас прокуратураның сайтында және 115.kz порталында смартфондарға арналған тегін мобильді қосымша арқылы қол жеткізе алады. Кері байланыстың қарастырылуы да аса маңызды. Бас прокуратураның сайтында азаматтар өз ұсыныстары мен мазалайтын сұрақтарын қалдыра алады.
«Мемлекет басшысы прокуратура органдарына қоғам мен мемлекет өмірінің барлық саласында азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету, әсіресе, тұрғындар үшін әлеуметтік мәселелерді шешу шеңберінде қамтамасыз ету бойынша маңызды міндет жүктелетіндігін айтқан болатын», деп Бақытбек Батанұлы жинақтың қазақстандықтар үшін аса қажеттілігіне ерекше назар аударды.
Кездесу барысында аудандық кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Ә.Мұқашева: - «Өндірістік ауылшаруашылық кооперативтерi туралы» Заңның күші туралы сөз қозғай отырып, аудан шаруалары мемлекет тарапынан жасалып отырған мүмкіндіктерді өз пайдаларына жаратуы керек. Дағдарыс кезеңiнде етек-жеңiмiздi жинап, құлшыныспен еңбек ететiн сәт келді. Бұл фермерлер үшiн, ауыл тұрғындары үшін жағымды жаңалық, - деп өз ойын ортаға салды.
Кездесу барысында жиналғандар Заңнамада қабылданған жаңалықтар туралы ойларын қызу талқыға салды. Шара соңында Бақытбек Батанұлы қатысушыларды көптен бері толғандырып жүрген сұрақтарға жауап берді.

Қанат АПСАДЫҚОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз