Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық қоғамның өзекті мәселесі болып отыр. Сыбайлас жемқорлық – бұл әлеуметтік құбылыс, егер мемлекеттік және өзге де басқару қызметтерін атқаруға өкілетті тұлғалар, мемлекеттік қызметкерлер жеке өздерінің баюы мақсатында, құқық пен адамгершілік нормаларымен белгіленген, атқарып отырған лауазымының мәртебесі мен беделін қызмет мүдделеріне қарсы қызметтік өкілеттіліктерін пайдалануы қоғам мен мемлекеттің ыдырауына әкеп соғады.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстар, қоғамға қауіпті іс-әрекеттер мемлекетіміздің басқару жүйесін тұншықтырып, олардың қалыпты қызмет жасауына кедергі келтіреді. Мемлкеттік басқару жүйесін қорғау, ең маңызды мәселе, өйткені мемлекеттік аппарат басқару жүйесіндегі әр түрлі процестердің реттеушісі болып табылады.
Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі Елбасының жеке бақылауында тұр. Еліміздің Президентінің Жарғысымен мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын одан әрі айқындау мақсатында 2014 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бекітілді.
Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздіктің алғашқы күн-дерінен бастап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді, әлемдік стандарттарға сай бағытымен жүріп келеді. Біздің елімізде қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама жұмыс істеуде, оның негізі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдар болып табылады, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін болатын жауапкершілік күшейтілді. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген жаңа Қылмыстық және Қылмыстық – процесттік кодекстер әзірленді, мұнда бас бостандығынан айыру секілді жазамен қатар, міндетті түрде тәркілеу және есептік айыппұл тағайындалады. Белгілі бір лауазымдар атқару немесе белгілі бір мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру аталған құқықтан өмір бойы айыруға ауыстырылды, шартты түрде соттау шарасын қолдануға, тараптардың бітімге келуіне байланысты жауапкершіліктен босатуға тыйым салынды.
Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет аясында еліміздің көптеген құқық қорғау органдары өздерінің қызметінде көңіл бөлуде, бірақ та нақты сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтау және оның жолын кесу үшін арнайы құрылған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министірлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) жұмыс атқаруда.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі бір бағыты болып сыбайлас жемқорлықпен күресу болып табылады.
Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу – мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, қоғамның басты міндеті мен борышы деп білу керек.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі анықталған жағдайда 1424 нөмірлі Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Колл-орталығына, сонымен қатар Департаменттің Жарма аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ауданаралық бөліміне хабарласуыңызға болады, байланыс телефондары 8 (72-347) 65-304, 65-305.
Б.Т.Нүрпейісов, Жарма аймағы бойынша
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ауданаралық бөлімінің басшысы
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.