Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 23 мамыр күні «Медиация туралы» заңының талаптарын халыққа түсіндіру, оларды қолданысқа белсенді түрде енгізіп, жүзеге асыруды мақсат еткен дөңгелек үстел Көкпекті ауданына қарасты Үлкенбөкен ауылдық округінде өтті. 

 

Көкпекті аудандық сот төрағасы Әділ Бақытбекұлы төрағалық жасаған іс-шараға ауылдық округ әкімі Н.На-зарханов, Көкпекті аудандық соттың приставы Б.Құржанбаев, ақсақалдар кеңесінің төрағасы, медиаторлар Ә.Нұрғожина, Т.Жұмағұлов және ау-ылдық округ әкімі аппараты қатысты.
Дөңгелек үстелде аудандық соттың судьясы Әділ Бақытбекұлы Қазақстан Республикасының Медиация туралы: «Медиация өзінің мағынасында қарай бір немесе бірнеше жақтың құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды үшінші жақтың қатысуымен келісім іздеу болып табылады. Медиация дегеніміз - нақты мақсатқа жету үшін жақтардың ерікті сайлауы негізінде соттан тыс дауларды реттейтін амал-тәсіл» - деді. Сонымен қатар, аудандық сот төрағасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы, Заңдар талап-тарының орындалу жағдайында осы Заң Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиатордың мәртебесін айқындайды. Сондай-ақ, медиатор-лар туралы олардың жеке және заң-ды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқ-ық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ау-ырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар медиацияның қолданылу аясына жататыны туралы айтып өтті.
Заңды насихаттау мақсатында ме-диацияның қолданылу тәсілдері түсін-дірілді. Азаматтық және қылмыстық істерді қарау барысында медиацияны қолданудың тәртібі мен ерекшеліктері талқыланып, қатысушылар өз пікірлері мен көзқарастарын ортаға салды.
Ә. Бақытбекұлы өз сөзінде: «Медиация туралы заңды жүзеге асыруда өзара ынтымақтасып жұмыс жасау қажеттігін алға тартып, осы істердің барлығы медиатор арқылы өз шешімін табады» - деді.
Қылмыстық істер мен азаматтық қатынастардан туындайтын дауларға медиацияны қолдану кезінде туын-даған сұрақтарына аудандық сот тарапынан толыққанды жауап берілді.
Дөңгелек үстелді қорытындылаған ауылдық округ әкімі Нұрлан Назарханов отырыста талқыланған мәселелер бойынша бірлесіп жұмыс атқаруды және оны жандандыра түсуді ұсынып қатысушыларға алғысын айтты.

КЛАРА ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз