Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ақпан айының 22-сі күні Көкпекті аудандық кітапханасында самбоның саңлағы, қазақ күресінің жеңімпазы, дзюдоның шебері Тлебалдин Серікбосын Асырандыұлының есімі енген «Қазақстанның Алтын кітабы» энциклопедиясының тұсаукесері өтті.
«Қазақстанның Алтын кітабы» бойындағы қабілетін ізденіске, қажыр-қайратын, еңбегін ел игілігіне арнаған алтын жүректі, есімі ел есінде, еңбегі кейінгі ұрпаққа қалуы тиіс тұлғаларды бір жинаққа топтастырған. Тек үздіктердің үздігі енетін, республика бойынша ешқандай баламасы жоқ, өзгеге ұқсамайтын, өзіндік айтары бар бірден-бір басылым.
Тұсаукесерге аудан әкімінің орынбасары Марат Теміржанов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Мұқашев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Азат Рахимбаев, Көкпекті ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайдырақим Файзуллин, мәдениет, тілдерді дамыту,дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысының м.а. Әлібек Саржанов, Ұлттық спорт ойындары орталығының директоры Бауыржан Түсіпжанов және спортшы оқушылар қатысты. Көрерменге кітапханашылар Айнұр Зарипова Серікбосын Асырандыұлының өмірбаянымен таныстырды, Айгерім Маханова «Қазақстанның Алтын кітабы» энциклопедиясына енгізілуі туралы слайд көрсетіп, баяндама оқыды. Жас спортшылармен сыр-сұхбат өткізілді.


Шарада аудан әкімінің орынбасары Марат Қапарұлы Серікбосын Асырандыұлына «Қазақстанның Алтын кітабы» жинағын табыстап, төсбелгімен марапаттады. Алтын кітаптың лентасын қиып, құттықтау сөз сөйледі:
– Құрметті Серікбосын Асырандыұлы!
Сіз бүгінде еліміздің спорт саласының дамып, өркендеуіне азаматтық үлесіңізді қосып, аудан қоржынына халықаралық, облыстық, аудан көлемінде өткен жарыстардағы жеңістеріңізбен қола, күміс, алтын медаль салып келесіз. Атап өтсек, Көкпекті аудандық «Қазақ күресі» федерациясының Президенті, Самбо күресінен КСРО спорт шебері, «Шығыс Қазақстаннның Құрметті спорт ардагері», «Самбо саңлағы», «Самбо күресінің құрметті ардагері» төсбелгілерінің иегерісіз. Келешек жас ұрпақ өзіңізді ардагер самбошы, бұқаралық спортты дамытушы, салауатты өмір салтын насихаттаушы және чемпион ретінде таниды. Ауданымыздағы спорт саласының дамуы үшін жұмыс жасап келе жатқан өзіңіздей талантты спортшы, білікті бапкер ретінде адал еңбегіңіз ақталып, түрлі марапаттарға ие болудасыз.
Саналы ғұмырыңызды спорт саласына арнап, спортшы шәкірт тәрбиелеу қызметіндегі еңбегіңіз бағаланып, бүгінде «Қазақстанның Алтын кітабына» еніп отырсыз.
Келешекте де мерейіңіз әрдайым үстем болсын, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз,- деді Марат Қапарұлы.
Сонымен қатар, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Насырбайұлы жүрек жарды лебізін білдіріп, өлкетанушы Қайрат Қапайұлы өлең шумақтарын оқыды. Кеш соңы Фархат Маратұлының арнауымен жалғасты.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 29      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз