Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жуырда аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев дарынды спортшыларымыз Ерзат Арғынов пен Дидар Тукушевты қабылдады.
Біздің ауданымызда спортты дамыту мен қолдауға әрдайым үлкен көңіл бөлінген. Әсіресе, жас спортшыларды. Спортшыларымыз әр түрлі деңгейдегі жарыстарда ауданымыздың намысын абыроймен қорғап жүр.

Ерзат пен Дидар жарыстарда үнемі өнер көрсетіп, жеке жетістіктерінің қоржынын толтыратын спортшылардың қатарында. Негізгі спорттық жетістіктерін айтар болсақ, Ерзат дзюдодан 81 келі салмақта Азия чемпионы болса,

Дидар қазақ күресінен 66 келі салмақта Қазақстан Республикасының чемпионы. Екі спортшы да аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде шәкірттерді жаттықтырады. Сондай-ақ Ерзаттың Парижде өтетін Олимпиада ойындарында республикамыздың атынан шығуға толық мүмкіндігі бар екенін атап өтеміз. Жерлесіміздің арқасында Франция астанасында Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалатынына шын жүректен сенеміз.
Ділдәбек Тәжібайұлы спортшылармен тілдесіп, спортты өркендетуге, өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан үлестері үшін спортшыларды жеңістерімен құттықтап, алғыс хаттар табыс етті. Кездесуге Көкпекті аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Аслан Танысбаев та қатысты.
Спортшы жастарға - тек жүлде, атақ, медальдар маңызды емес, оларды өскелең ұрпақтың салауатты болашағы алаңдатады. Шағын ауылдардан Қазақстанның көптеген спорт таланттары, отандық және әлемдік спорттың нағыз жұлдыздары шыққан. Сондықтан, бұл алдағы жетістіктерге ынталандыратын жас спортшыларымызға көмектесіп, қолдау көрсету маңызды. Ауданымыздан шыққан жас спортшыларымызға қолдау білдіріп, көмектесу маңызды, бұл оларды одан әрі табысқа жетелейді.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз