Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өткен аптада, Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай «Ел жүрегі-Астана» атты Көкпекті ауданы балалар өнер мектебінің есеп беру концерті өтті. Жоғары деңгейде өткен концерттің көрермен көңілінен шығуы жолында аз тер төгілмегені көрініп тұрды. Өнерімен өрге жүзген өрендердің таланты шынымен де, тамсандырмай қоймайды.
Көкпекті ауданындағы «Балалар өнер мектебінің» 2017- 2018 оқу жылғы жұмысының қорытындысы бойынша 2018 жылдың 4 мамыр күні Көкпекті ауылы Қалихан Алтынбаев атындағы Мәдениет үйінде Саз мектебі оқушыларының шығармашылық концерті және қол-данбалы қолөнер, бейнелеу өнері үйірмелерінің жұмыстары бойынша көрме ұйымдастырылды. Көрмеге «Қолданбалы өнер» және «Бейнелеу өнері» үйірмелерінің жұмыстары қойылды. Іс-шараға өнер мектебінің ұжымы белсене қатысып, әр үйірме жетекшілері жыл бойына істеген жұмыстарының нәтижелерін көрсетті.


Концерт бағдарламасы барысында балалар хорының Тассай аулындағы филиалының оқушыларының орындауында «Жаса мәңгі Қазақстан» әнін орындады. Жетекшісі А.Бопобаева домбыра оркестрінің орындауларында халық күйлері: «Салторы», «күй тартыс» Б.Шекенова фольклорлық ансамбльдің орындауында «Ыңғай төкпе» күйі орындалды (жетекшісі Ғ Оразғалиева). «Виктория» ательесі тіккен би костюмдері жұртшылықтың ерекше қошеметіне бөленді. Фортепиано сыныбының оқушылары (жетекшісі З.Тұрлыбаева) Вокал үйірмесінің жетекшісі А.Есполованың оқушылары қыздар квартеті және ұлдар триосы ағылшын тілінде әндер орындады.
Халықаралық би сайысының жүлдегерлері «Балауса», «Жұлдызай», «Тұлпар» бишілер топтарының билері концертке келген көрер-мендерді таңғалдырды! Жылдық есеп беру концертінің құрметті қонақтары аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Шолпан Мұстафинова, Көкпекті ауылдық округінің әкімі Ержан Ниязбаев концертті тамашалап, құттықтау сөз сөйлеп балаларды марапаттады.
Өнерлі балаларды Семей қаласына Халық-аралық байқауға өз қаражаттарымен апаруға көмектескен ата-аналарға және демеушілік көмек берген кәсіпкер В.Виничукке алғысымыз шексіз. Балалар өнер мектебінде өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы күнделікті аудандық газетке баспаға басып көмектерін ұсынып отырған аудандық «Жұлдыз»-«Новая жизнь» газетінің ұжымына алғыс хат берілді. Көкпекті ауылының тұрғындары және ата-аналар есеп беру концертімізге ризашылықтарын білдірді.

Ш.Таныбаева, тәрбие ісінің меңгерушісі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз