Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады»- деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, тағылымы мол өткен күндерден мағлұмат беретін мәдени орта - мұражай екендігі анық. Ауданымыздың тарихи-мәдени мұрасын жинап, сақтап, халыққа насихаттап отырған дәл осындай қара шаңырақ бізде де бар. Ол Көкпекті ауданында орналасқан тарихи-өлкетану мұражайы.


Көкпекті аудандық тарихи-өлкетану мұра-жайына кірген кісінің көзіне ең алдымен түсетіні, көшпенділер өмірінен сыр шертетін түрлі жәдігерлер, аймақтың тарихы баяндалатын бай материалдар. Жалпы, ұлтымыз ұстап, тұтынған ұлы қазыналар жинақталған мәдени ошақтың экспозициялық залдарын Көкпекті аудандық «Тарихи-өлкетану мұражайының» қызметкері Клара Рафикқызы Смаиловамен бірге араладық. Тамашалау барысында Клара Рафикқызы мұра-жайдың тыныс-тіршілігін тілге тиек етті:
- Мұражай - еліміздің тарихи қоры және мәдениетінің басты көрсеткіші. Сол себепті біз мұражайдағы жәдігерлерді жаңартып, толықтырып отырамыз. Мәселен, Ауған соғысының аяқталуына 28 жыл толуына байланысты ашылған стенд. Бұл стенд Көкпекті ауданы бойынша Ауған соғысына қатысқан ардагерлерге арналған. Жылма-жыл ақпан айының ортасында біз Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың рухтарының алдында бас иеміз. Өйткені, бұл соғыста 18-19 жасар өрімдей жас жігіттер жазықсыздан-жазықсыз құрбан болды. Бүгінгі жастар өздеріндей жігіттердің Отан алдындағы борышын адал орындағандарын ұқсын, олардың патриоттық сезімінен тағылым алсын деген ниетпен жабдықталған осынау стенд арқылы сол бір сұрапыл соғыс болған ХХ ғасырдың 80 жылдарына ораламыз», - дейді Клара Рафикқызы.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Ауған соғысы туралы: «Ауған соғысында қыруар қаржы шы-ғындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір Кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма?» - деген ойлы сөзі бар.
Ендеше, еліміздің өткені мен бүгінгі жетістіктерін жұртшылыққа жарқырата көрсетіп жүрген мұражай қызметкерлерінің алдағы жұмыстарына табыстар тіледік.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 26
27 28          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз