Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өткен айда Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеуге байланысты Павлодар қаласында М-1 спорты бойынша Қазақстан Республикасының кубогі өтті. Республикалық спорт додасында Шығыс Қазақстан облысы атынан Көкпекті ауданының командалары қатысып, қанжы-ғалары майланып қайтты. Аталмыш команданың құрамында Көкпекті, А.Пушкин және Новотимофеевка орта мектебінің жас спортшылары бар.
Керекуде өткен тартысты жарыста бойындағы бар күш-қайратын, батылдығы мен жоғарғы даярлығын көрсеткен жас ұландар аудан намысын қолдан бермей, жүлделі орындарға ие болып оралды. Атап айтатын болсақ, Көкпекті мектебінің спортшылары Е.Ермеков І-орын, Р.Айдаров, Т.Жұманов, И.Аманжолов ІІ-орындар алды. Бұл жеңімпаздарды жаттықтырып, жеке басының өнегесімен, ақыл-кеңесімен бабына келтіріп, бәйгеге қосқан жас ұстаз Руслан Жүнісовке ата-аналар дән риза. Ал, ІІ-орын алған А.С.Пушкин атындағы орта мектептің жас батыры М.Тұрсынов тың жаттықтырушысы Т.Тоқтасыновқа және Новотимофеевка орта мектебінің жаттықтырушысы Т.Қалиевке аудан спортын дамытуға қосып жүрген қомақты үлестері үшін аудандық білім беру және спорт бөлімі тарапынан үлкен алғыс айтқымыз келеді.


Жас батырлардың жаттықтырушылары бал-ғындардың ата-аналарына да өз кезегінде ал-ғыс білдіреді. Өйткені, олар жас ұрпақты салауатты өмір салтына баулып, патриоттық рухта тәрбиелеу ісінде белсенділік танытып, қаржылай демеушілік көрсетіп отыр. Мүмкін, келешекте бүгінгі жеңімпаздарымыз аудан, облыс намысын ғана емес Қазақ Елінің Туын аспандататын спорт саңлақтары болар.
Құрметті аудан спортының қоржынына өз ұпайларын қосып жүрген балғындар! Жеңісті күндерің көп болсын!

Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз