Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Спортпен достасқаның – кү-шіңе күш қосқаның» демекші, салауатты өмір салтын насихаттау, қысқы спорт түрін дамыту мақсатында таяуда Көкжайық орта мектебінің хоккей мұз айдынында аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен хоккей ойынынан облыстық біріншілікке іріктеу ойындары өтті.
Жарысқа Көкпекті, Үлкенбөкен, Абай атындағы (Үлгілімалшы ауы-лы), Амангелді атындағы, Қ.Ау-хадиев атындағы және Көкжайық орта мектебінің хоккейшілер командасы қатысты. Ойыншылар екі топқа бөлінді: 2001-2003 жылы туылғандар – «ересектер тобы» және 2004-2007 жылы туылғандар – «жас буын».«ересектер тобынан» 6 команда, «жас буын» тобынан 4 команда құрылды. Әр топ өз киім үлгісімен ерекшеленді. Жеребе тарту арқылы командалардың ойнау реті белгіленді және әр мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімдері жарыста төрешілік етті. Күннің суықтығына қарамастан, мұз айдынындағы хоккей қызықты да, тартысты болды

.
«Ересектер тобы» арасынан Абай атындағы орта мектеп І-орын, Үлкенбөкен ІІ-орын, ал Қ.Аухадиев атындағы орта мектеп ІІІ-орынды иемденді. «Жас буын» топтарының ішінен І-орынды Абай атындағы орта мектеп, ІІ-орынды Үлкенбөкен, ІІІ-орынды – Көкпекті орта мектебі қанжығалады.
Жеңімпаздарға жақсы ойын көрсетіп, мектеп намысын қорғағаны үшін мақтау қағаздары тапсырылды. Екі топ арасынан Абай атындағы орта мектептің хоккей командалары облыстық біріншілікке жолдама ұтып алды. Аудан намысын қорғайтын спортшыларымызға сәттілік тілейміз!

Н.Меирманова,
жастар ісі жөніндегі маман

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз