Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өнер құдіретін түсіну үшін қай құрлықта тұратының, қай тілде сөйлейтінің маңызды емес. Тек көкірек көзің ашық болса жеткілікті. Сахнадан төгілген сырлы саз бен шарықтаған ән Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйіне «Толағай сазы» фольклорлық оркестрінің есеп беру концертіне жиналған көрерменді ғажап бір сиқыр әлемімен табыстырғандай болды. Сөзіміздің артығы жоқ, жаңа репертуар, жаңа сахналық киімдер мен музыкалық аспаптар, бастысы, талғамы биік тыңдарман алдындағы жауапкершілікті жете сезіну өнер ұжымының жыл сайын қанаты қатайып, құлашын кеңге жайып келе жатқанының дәлелі іспетті. Концерт басталмас бұрын Нұрлан Тоянкенов, өзі басқарып отырған мәдениет шаңырағының қазіргі тыныс-тіршілігінен хабардар етті.


«Аудан әкімінің жобасы бойынша 2011 жылдың қазан айынан бастап оркестр құрамы жинала бастады. Аудан әкімінің шақыртуымен Алматы қаласынан Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, дирижер Самат Мәлімбай арнайы шақырылып, қараша айынан бастап оркестрмен жұмыс жүргізді. «Толағай сазы» атты халық ұлт аспаптары оркестрі 2011 жылы құрылып, сол жылы халық алдында тұңғыш концерті берілді. Бүгінгі күні аудан өлкесін өнермен өрген қай іс-шарада болмасын фольклорлық шығармаларын паш етуге даяр. Жалпы ансамбль құрамында 14 адам. Оркестр жетекшісі Т.Айдынова, бас домбыра Ж.Хасенов, домбырашылар К.Айтолла, Б.Өмірсерік, Р.Оразханов, А.Жүнісова, домбыра-прима Б.Шекенова, домбыра контрабасс К.Зейнолла, шертер А.Мұхаева, бас қобыз Г.Абсалямова, қыл қобыз Д.Болатбеков, прима қобыз А.Айдынбекқызы, барабаншы Н.Қайратұлы, сылдырмақ А.Адамов.
Бүгінгі Көкпекті ауылы тұрғын-дарының назарына ұсынылатын кон-цертті Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында өткізіп отырмыз», - деді Нұрлан Болатбекұлы.
Шынайы өнер мен туа бітті талант қана күнделікті тірліктің ыңғайымен беріштеніп қатып бара жатқан жанымызға жылылық сыйлай алады. Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің «Толағай сазы» қазақ ұлт аспаптар оркестрінің есеп беру концертіне куә болған көрермен ғасырлардың көзі, бабамыздың сөзі – дәстүрлі өнерге деген құрметін арттырып қайтты. Мұны концерттен үлкен әсермен шыққан әр көрерменнің жүзінен аңғардық.
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз