Биылғы жылы талай ұл-қызды әкесіз, талай ата-ананы баласыз қалдырып, ер етігімен су кешкізген зұлмат соғыстың аяқталғанына 71 жыл. Бұл орайда, қаншама ержүрек батыр ата-әжелеріміз басын қатерге тігіп, ұрпақтарға бейбіт өмір сыйлады. Ал, ол ел үшін кеудесін оққа тосып, ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ізгілікті ісінің арқасы. Демек, Ұлы Отан соғысына қатысушы майдангерлер ерлігін бүгінгі және кейінгі ұрпаққа кеңінен насихаттап, оларды әркез өнеге тұту парыз. Осыған орай, аудан көлемінде ауқымды шаралар ұйым-дастырылып, майдангерлердің ерен ерліктерін ұлықтау мақсатында түрлі спорттық, мәдени шаралар өткізіліп жатқаны аян. Соның бірі ағымдағы жылдың, 14 мамырда өткізілген Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагері Қойсары Таныспаевты еске алуға арналған «Аралас жекпе-жек» спорт түрінен облыс деңгейінде турнир болды. Бұл шараның өтуіне мұрындық болған, ардагердің немересі Аслан Тыныспаев. Турнирге әр аумақтан 14 команда, 160 жуық спортсмендер қатысып, бақ сынас-ты. Аталмыш турнирға, Көкпекті ауданының намысын қорғаған Көкпекті ауылынан Р.Жүнісов, Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен Б.Сағынбаев және Сарыбел ауылдық округтің Новотимофеевка орта мектебінен Т.Қалиевтардың оқушылары болды. Олар барынша намысқа тырысып, командалық есеп бойынша І орынды қанжығалады. Сонымен қатар, облыс көлеміндегі турнирдің өтуіне көмек көрсетіп қол ұшын берген Көкпекті орта мектебінің ата-аналар комитетінің мүшелері Ш.Тө-лепбергенов, А.Гусейнова, Н.Жо-лымбетов, А.Мақсұтов, Н.Шапатов және мектептің дене шынықтыру бірлестігіне алғыстары шексіз.
Сайып келгенде, «Ер есімі – ел есінде» деген халық нақылы ешқашан өзіндік мәнін жойған емес. Бұған айғақ ретінде – Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орай, ауданымыздың құрметті ардагері Қойсары Тыныспаев атында ұйымдастырылып жатқан жоғарыдағыдай шараларды ауыз толтырып айтуға болады. Ендеше, ерлік даңқы санамыздан әрқашан өшпейтінін кім-кім де біліп жүргені дұрыс.
КЛАРА ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.