Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ботулизм дегеніміз – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын нерв жүйесінің зақымдануымен жүретін, аурудың ауыр түрі нәтижесінде тез арада өлімге әкелетін тамақтан уланудың бір түрі. Ботулизмнің қоздырғышы С.botulinum анаэробты жағдайда ауа жоқ жерде көбейеді, әсіресе дұрыс жабылмаған банкілерде, үй жағдайында консервіленген азықтарда, баялды (баклажан), қияр, саңырауқұлақ, балық, салаттарда көптеп кездеседі.
Ботулизмнің негізгі белгілері және клиникалық көріністері:
- қатты шаршағыштық, әлсіздік және бас айналу;
- көздің көруінің нашарлауы «бұлыңғырлану», көз алдының «торлануы», заттың қосарланып көрінуі, қабағының түсуі (птоз);
- сілекей секрециясының бұзылуы, ауыздың құрғауы, жұтынудың қиындауы, шашалып қалу, көмейінде бөгде зат тұрып қалғандай сезіну;
- дауыс желбезегінің зақымдануы, мұрыннан сөйлеу, тілінің күрмеленуі;
- тыныстың бұзылуы;
- іш өту, құсу.
Ботулизмнің алдын алу жолдары:
- консервілеу алдында өнімдерді ағынды судың астында бірнеше рет тазалап жуу;
- консервілеуге арналған банкілерді стерилизациялау режимін сақтау;
- өнімдерді консервілеу режимін сақтау, сірке суын немесе лимон қышқылын міндетті түрде пайдалану;
- қақпағы көтерілген (бомбаж), дәмі мен түсі бұзылған банкілерді пайдаланбау және олардың дәмін де татпау. Мұндай банкілер жедел түрде жойылуы тиіс;
- үй жағдайында әзірленген консервіленген өнімдерді пайдаланар алдында жылумен өңдеу (15-20 минуттай қайнату немесе қуыру);
- үй жағдайында жасалған салаттар, саңырауқұлақ, қиярлар, қақталған балық, сан еттер т.б. белгіленбеген базарлардан сатып алмау;
- аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде өнім қалдықтарын зертханалық бақылау үшін сақтау.
Ботулизмнің алғашқы белгілері пайда болған кезде, тез арада медициналық көмекке жүгініңіз, бұл Сіздің денсаулығыңыз бен өміріңізді сақтап қалады!

Көкпекті аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшы м.а. Қалдыбатыр Әділ Секенұлы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз