Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті аудандық ауруханасының емхана меңгерушісі болып Сарманов Жәнібек Талғатұлы тағайындалды.
Сарманов Жәнібек Талғатұлы Көкпекті ауылында туып өскен. 2012 жылы Семей қаласының мемлекеттік медицина университетін бітіріп, Семей қаласының “Әділет Ем” ЖШС дәрігер-статист болып жұмыс жолын бастады.
2017 жылдан 2020 жылға дейін Семей қаласының №3 КДЕ директорының емдеу орынбасары болып жұмыс істеді. Сондай-ақ 2020 жылдан 2024 жылға дейін Президент істерін басқару Медициналық орталығының ауруханасында сарапшы дәрігер болып жемісті қызмет атқарды.
2020 жылы Қоғамдық денсаулық сақтау саласында медицина ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.


- Көкпекті ауданының тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруды бірінші кезектегі міндет деп санаймын. Туберкулез, жүрек-қан тамырлары, онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау бойынша жұмысты күшейту, тұрғындарды диспансерлеуді белсенді жүргізу керек. Сондай-ақ емханаға білікті де аса қажетті мамандарды тарту маңызды, - дейді Жәнібек Талғатұлы.

Елена Сорокина, Көкпекті аудандық ауруханасы
ШЖҚ КМК баспасөз хатшысы, эпидемиолог дәрігер

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз