Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың, 19 мамыр күні Көкпекті орта мектебінің спорт залында жасөспірімдер арасында NOMAD MMA бойынша облыстық ашық чемпионаты өтті. Жарысқа облыстың 4 ауданы және Семей қаласынан  спортшылар қатысты.

Талай жарыста NOMAD MMA спорты бойынша аудан намысын қорғап жүрген жаттықтырушы Руслан Жүнісовтың шәкірттері бұл жолы да жеңістің тұғырынан көрінді. Облыстың түкпір-түкпірінен келген азулы спортшылары түскен додада топты жарып жүлделі орындарды қанжығаларына байлап келді.
Жарыстың қорытындысы бойынша 1 орынды Елдар Ермеков, Ілияс Қыдырханов, Ерасыл Слямбеков, Иран Аманжолов, Дәлел Маликов алса, 2 орынды Бекжан Жексембеков, Исатай Айыпқазы, Әкежан Төлегенов, Нұрзат Ермекбаев, Мәди Түсіпбеков, Ербек Орынбеков, Ерәли Молдыбеков, Темірлан Амангелдиновқа берілді.
Тағы бір айта кететін жай, Руслан Жүнісовтың шәкірттерінің жеңісі жуықта Ресей Федерациясы Барнаул қаласында өткен «Сібір Азия» халықаралық чемпионатында 5 алтын медальды қанжығалап қайтты. Олар Ирак Аманжолов, Ерасыл Жеңісов, Бекзат Қайырханов, Елдар Ермеков, Әкежан Төлегенов, Динияр Галиев. Жас өрендердің жеңістері жемісті болғай. Жаттықтырушының ата-аналарға айтар алғыстары шексіз. Оларды қолдап, қорғап жүргендеріне риза.
Ұлттың ұлылығын жер-жаһанға танытуды мақсат тұтқан осындай өр рухты жеткіншектер барда қазақ спортының тұғыры биік, еңсесі тік боларына сеніміміз мол.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз