«Нұр Отан» партия ұйымының «Жастар - Отанға» жобасы бойынша Тассай ауылдық округінде түлектердің жұмысқа қабылдануы жөнінде дөңгелек үстел өтті. Жиында сөз алған ауыл әкімі Ержан Құдайбердіұлы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағ-дарламалық мақаласына тоқтала келе, «Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең бас-ты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді» деген сөздерін алға тартып, жастарға құттықтау тілектер айтты.
«Нұр Отан» бастауыш партия ұйымының төрайымы С.Чалова түлектерге шағармашылық табыс тілеп, партия жобалары туралы танымды тағлым айтып, құттықтау хат табыс етті. Ауыл келешегін көтеру, мәдени-спорттық іс-шараларға белсене қатысу, өз істеріне адал, саналы азамат болатындарына үлкендердің сенімін білдіретін хаттар жастардың еңбек жолына жасаған қадамдарына берілген жолдама іспетті. Жас мамандар да өз тарапынан ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып, ауылдың мәртебесін жоғарылатуға үлес қосатындарын жеткізді, ризалықтарын білдірді. Айта кетсек, Тассай ауылдық амбулаториялық емханаға - 3, М.Әуезов атындағы орта мектепке - 2, округтің ветеринария бөліміне - 3, ауыл клубына - 1 жас маман жұмысқа орналасты. Бойларындағы күш-қайрат пен жастық жалынның лебін ала келген жастары бар Тассайдың болашағы зор болмақ!
Мағжан Жадрин
жастар ісі бойынша маман
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.