Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту – еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға замануи, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүміндікті жасауда. Осы салада ауданымызда алдыңғы қатарлы емдеу мекемесі ретінде Самар ауылындағы Ауданаралық аурухананы атауға болады. Медицина қызметкерлері күні қарсаңындағы аурухананың бас дәрігері Нұрлан Өртбайұлы Саңқайбаевпен әңгімеміз аурухананың бүгінгі ахуа-лы және ең бастысы, сонда қызмет ететін адамдар туралы болды.


-1973 жылы қолданысқа берілген бұл ауруханада кезінде 285 төсек орны болып, 40-тан артық дәрігер мен 200-ден астам медбике еңбек еткен. Ал қазіргі күні .«Көкпекті ауданының ауданаралық ауруханасы» КМҚК құрамында – 40 төсек орын қарастырылған. Жалпы халыққа медициналық қызмет көрсетіп отырған дәрігерлер саны – 29, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдастырушылары – 2, ЖПД - 5, эпидемиолог – 1, педиатр – 3, хирург – 3, гинеколог – 1, дерматолог – 1, стоматолог – 2, анестезиолог-реаниматолог – 1, иммунолог – 1 бар, Олардың ішінде жоғары санатты – 5, бірінші санатты – 8, екінші санатты - 2. Орташа медициналық қызметкерлердің жалпы саны – 109, барлығының лауазымдарына сай сертификаттары бар.
«Көкпекті ауданының ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ КМК келесі талдаулар жүргізеді.
Жалпы қанталдауы, қанды толық тәсілмен талдау, несепті жалпы талдау, қанды шағын реакцияда талдау, Вассерманреакциясын талдау, копрограмма, гельменттер жұмыртқасына, қанның биохимиялық талдауы, мазоктың тазалық дәрежесіне талдау, жүкті әйелдердің қанына иммуноферменттік талдау, ликвор талдауы, санитарлық-бактериологиялық, серологиялық талдаулар өткізіледі. ЭКГ, ФГДС, спирография, колоноскопия, ішкі ағзаларды ультра дыбыспен зерттеу, флюорография, маммография, рентгенография, кеуде клеткалары ағзаларын аспапты түрде тексеру өткізіледі. Қазіргі күні скринингтік тексеру өте пайдалы болып отыр. Ол әсіресе обыр және туберкулез ауруларын бастапқы сатысында анықтауға мүмкіндік беруде. Ауруханада маммография аппарат орнатылып, адамдар енді қалаға сабылмайтын болды, сонымен бірге ер адамдарды (жыныстық ауруларға тексеру) жеке қарайтын бөлме ашылды.
Аурухана өз қаражаты есебінен стационардың екінші және бірінші қабаттарына жөндеу жұмыстарын жүргізіп, шатырын ауыстыруды қолға алған. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру және профилактикалық шараларды уақтылы өткізудің нәтижесінде биылғы жылдың басынан бері ана мен бала өлімі тіркелген жоқ. Өткен жылдың бес айымен салыстырғанда туу саны да артты. Медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында коллцентр ашылды. Бұл орталыққа телефон шалу арқылы облыстық ауруханаға кезекке тұруға, қандай да болмасын арыз-шағым қабылдауға болады. Сонымен бірге аудан әкімі сайтында аурухананың өз сайты ашылды.
Бүгінгі күні біз дәрігерлер, ұзақ жыл осында еңбек етіп келе жатқан ерлі-зайыпты Ерік Файзолдаұлы мен Сәбира Қажыбекқызы Зиядановтарды, С.Жұмажанов, Т.Мұқажанова, Д.Сүлейменова, А.Хасам, М.Абыл-қайыров, Б.Нұрпейісов және тәжірибелі педиатр С.Смағұлованы жастарға үлгі етеміз. Р.Гинатуллин, И.Байзақова, Ж.Әлиханқызы, Ф.Мұхаева сияқты жас буын дәрігерлер де аға буын әріптестерінен тәлім-тәрбие жинақтауда. Бас дәрігердің екі орынбасары Г.Шапатова мен Ә.Жұмаділда ұйымдастыру жұмыстарын, науқастардың дер кезінде ем алуын қадағалауда қашанда жоғары деңгейде болады. «Саламатты өмір салтын қалыптастыру» (ЗОЖ) кабинетінің дәрігері К.Көшербаеваның атқарып отырған еңбегі де елеулі. Психолог дәрігер Н.Қырықпаева тек қана науқастармен сөйлесіп, оларға психологиялық көмек беріп қоймайды, ол ұжымның да ұйысып еңбектеуіне ықпал ететін адам.
Дәрігердің ең сенімді көмекшісі – медбике. Ол науқас пен дәрігер арасындағы алтын арқау. Сондықтан да медбикенің мейірімділігі мен қамқорлығы науқастың тез емделуінің кепілі болып саналады. Ал бұл ауруханада ондай медбикелер өте көп. Е.Габербуш, Л.Хасенова, А.Ерданинова, К.Жакупова, А.Досполова, С.Есенбекова, Г.Умурзакова Г.Бұлышева, Н.Ақашева, С.Жусанбаева, Г.Көкпаева сияқты медбикелер өздерін науқасқа жанашырлықтары мен кәсіби біліктілктері арқасында құрметке бөленген. Р.Солтанбекова, Д.Сүйеукенова, Д.Чедеринова, Г.Нұрсейітова, З.Мадиярова, М.Полякова сияқты аға медбикелер жұмысты ұйымдастыруда шеберлік танытады. Акушерлер С.Садықова мен О.Прищепина өздері еңбек еткен жылдары қанашама сәбидің кіндігін кесті. Л.Смағзамова, ФАП-тар мен медициналық пункттерде жұмыс істейтін С.Тоқсанбаева, А.Жолдыбаева, З.Қайырбаева, А.Арғынбекова, М.Бектемірова ауыл-дардың өз «докторлары», олар әр тұрғынды танып қана қоймайды, олардың өздері, үй іштерінің қандай ауру түрімен ауырғандарын да жатқа біледі. Бұрындары медбике қызметі тек қана қыздардың жұмысы деген көзқарас қалыптасып қалған. Ал енді бүгінде осы ауруханада еңбек етіп жүрген Мұхтар Сағидолда, В.Коцман, Серғазы Ерасыл, М.Урих, Р.Рахымбеков, Медет Еділбек, Б.Үсенов секілді орта буын медицина қызметкерлері бұл көзқарасқа тойтарыс беріп отыр. Мереке қарсаңында дәрігерлер мен медбикелердің, науқастардың тазалығын қамтамасыз ететін, түнде ауыр науқастарды бірге күтісетін орта буын медицина қызметкерлерінің еңбегі орасан. З.Әділханова, С.Сапарғазинова, Н.Әшімбаева, Хабай Уәзира сияқты адамдарға науқастар өте риза. Осы сәтті пайдаланып ұзақ жыл аурухананың есеп бөлімінде жұмыс істейтін Ғ.Б.Жоңқабаева мен оның командасын атап өткім келеді. Сонымен бірге автокөлік жүргізушілер Б.Тоқтағазинов, Е.Мамыржанов, Ф.Габер-буш, С.Ақатаев, Е.Четояков «жедел жәрдем» мен дәрігерлердің, науқастардың айнымас көмекшісі. Мен әріптестерімді төл меркелерімен шын жүректен құттықтаймын, - деп аяқтады сөзін Нұрлан Өртбайұлы.
Медицина қызметкерлері тек қана өз жұмыстарымен айналысып қоймай, ауылдағы барлық мәдени-спорттық шараларға белсене қатысады. Спорттық жарыстарды өздері ұйымдастырады. Өйткені, олар саламатты өмір салтын насихаттаушылар ғой. «Дәрігердің мамандығы - бұл ерлік, ол өзіне құрбан болуды талап етеді, ойдың, ниеттің адал болуын қажет етеді. Дәрігер ой санасы анық, пиғылы, мінез-құлқы таза, адал және мұнтаздай болу керек», - деген атақты дәрігер, жазушы А.П.Чеховтың мына сөзін еске алудың орайы келіп тұрғандай. Дәрігерлік кәсіп – бұл ең адамгершіл, сонымен қатар өте жауапты мамандық. Дәрігер болу үшін бейімділік, икемділік, қабілеттілік, ауру адамның сенімін ала білуі, ол адамды өзінің ауруымен күрестіре білуі керек.
Медицина күніне орай барлық медицина қызметкерлерін келе жатқан мерекелерімен құттықтаймыз. «Дәрігер ауруға өзінің білгенін ғана бермейді, ол сонымен қатар өзінің жақсы ішкі сезімдерінің қимылын, тілектестігін және жүректігі сезімталдылығын береді», - деп ғалымдарымыз айтқандай, осындай ақ халатты абзал жандардың отбасыларына бақыт, өмірлеріне шаттық, мықты денсаулық тілейміз.


Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз