Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заман ағымымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі.
Көкпекті ауданында 2024 жылғы 22 ақпаннан бастап 22 мамырға дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Бұл шара Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 31 шілдедегі №30/НҚ бұйрығымен бекітілген жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларының 63 тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Абай облысы Көкпекті ауданы әкімінің аппарат басшысының 2024 жылғы 22 ақпандағы №53 «Абай облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және оған қарсы іс-қимыл үлгілік базалық бағытының жобалық топтарының құру туралы» бұйрығы негізінде атқарылды.
Жүргізілген ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша акт жасалды, Көкпекті ауданы әкімі аппарат басшысының ұсыныс хаттары жіберіліп, анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді. Бақылау іс-шаралары қорытындысы бойынша 16 ұсыныс жасалып, ұсыныстар толықтай орындалды. Көрсетілген мемлекеттік қызметтер сапасына шағым түскен жоқ.
Абай облысы Көкпекті ауданы әкімінің аппаратымен уәкілетті органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында барлық қажетті жұмыстар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған іс-шаралар жоспарына сәйкес, барлық ауылдық округ әкімдіктері, дербес бөлімдер және квазимемлекеттік секторларымен Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізілді.
- Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа «мүлде төзбеушілік» көзқарасты қалыптастыру мақсатында ауданда бірқатар ақпараттық-насихаттық жұмыстың барлық түрлері қолданылуда. Оның ішінде: дөңгелек үстелдер, семинарлар, БАҚ мен әлеуметтік желілерде тақырыптық мақалар жариялануда.
- Ауданның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоаралық комиссиясында тоқсан сайын сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары бойынша өзекті мәселелер қарастырылуда.
- Аудан тұрғындары арасында ақпараттық құралдар және сыртқы көрнекі үгіт-насихат материалдары арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында аудандық «Жұлдыз» «Новая-жизнь» газетінде арнайы айдар ашылып, жыл басынан бері 6 мақала жарық көрді. Көкпекті, Үлкенбөкен және Преображенка ауылдарында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында баннерлер ілінді.
- Сыбайлас жемқорлықты уақтылы болдырмау, мемлекеттік қызметшілердің жеке жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұртшылықты тарту тақырыбында барлық мемлекеттік құрылымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық стендтер орнатылған.
- Көкпекті ауданының барлық ауылдық округ әкімшіліктері мен дербес бөлімдердің ғимараттарында аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының және аппарат басшысының тұрғындардың жеке мәселелері қабылдау күндері жазылған ақпараттық стенд орнатылған. Ай сайын аппарат басшысы мемлекеттік қызметшілерге қызметтік өкілеттіктерін орындауға байланысты сыйлықтарды қабылдауға тыйым салынатындығы, сондай-ақ, жақын туыстарының, ерлі-зайыптылардың бірлескен қызметіне жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізуде.
Мерритократия принципі бойынша жыл басынан бері 2 бас маман басшылық лауазымға және 1 жетекші маман бас маман лауазымына тағайындалды.
Еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің түпкі мақсаты - қоғамда оған «мүлдем төзбеушілік» көзқарасты қалыптастыру арқылы оны біржолата жою болып табылады.
Әділет Қожанбаев, Көкпекті ауданының әкімі
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.