Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жыл сайын ауылына жаңа әлеуметтік нысан салатын Ажа азаматтары биыл да иігілікті істі бастады. 1 маусым күні Ажа ауылында жаңа мешіттің іргетасы қаланды. Шараға ауылдың кәрі-жасы түгел атсалысты.

Көкпекті ауылдық округіне қарасты Ажа ауылының азаматтары соңғы жылдары әр жыл сайын туған ауылдарына бір жаңа нысан салып, халық игілігіне беруді әдетке айналдырды. Алғашқы жылы ауылдың дәл орталығынан сәулетті шағын футбол алаңы бой көтерді. Келесі жылы футбол алаңынын жанынан бүлдіршіндер үшін ойын алаңын салып берді. Былтырғы жылы ел болып жұмылып, мәдениет үйінің ғимаратын салып алды. Қазір бұл заманауи ғимаратта ауылдың барлық мәдени спорттық шаралары өткізіледі.


- Биылғы жылы ауылымызға шағын мешіт саламыз деген ұйғарымға келдік. Аллаға шүкір, Ажа ауылында қасиетті дінімізді берік ұстанатын жерлестеріміз көп. Жаңа мешіт имандылықтың темірқазығына айналып, ауылымыздың рухани құндылығын нығайтуға қызмет етеді деп сенемін, - дейді ауыл азаматы Қайрат Кенжебаев.
Бұл игі шараны қолға алып, құрылысын бастаған азаматтарға ауыл тұрғындары дән риза. Мешіт дәртүрлі ислам үлгісінде, заман талабына сай салынады. Жоба бойынша ішінде бір мезетте 50 адам құлшылық ете алады. Одан бөлек, мешіт ғимаратында шәкірт оқытуға арналған бөлме болады. Бастамашыл топ мешіт құрылысын күзге дейін толық аяқтап, пайдалануға беруді жоспарлап отыр.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз