Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Көкпекті ауданы Самар ауылының орталық алаңы жөндеуден өтіп, онда данышпан ақынның ескерткіші орнатылды, биші субұрқақ ашылды. 

Абай шығармашылығы өткен және қазіргі уақыттың көрінісі болып табылады: оның сөздері өшпес, ал ұрпақтарына қалдырған мұрасы ха-лықтың жадында ұзақ ғасырлар бойы қалады. Абайдың атақты «Қара сөздері» атты туындысы әлемге әйгілі философтардың трактаттарымен иық тіресе тұра алатын қара сөздер жинағы ғаламның бірқатар тілдеріне аударылған. Бұнда этникалық қазақтардың тарихы, педагогикасы, мораль және құқығы мәселелері жан-жақты қарастырылған. Бүгінде бүкіл әлем қазақтай ұлт-тың ұлы перзентінің даналығына тәнті.


Ғұлама ойшыл, хакім Абайдың еңселі ескерткіші Самар ауылының төрінен бой көтерді. Абай ес-керткішінің салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөй-леген аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов:
- Абай ескерткішінің ашылуы аудан тарихындағы маңызы зор оқиға. Ақынның өмірі, істеген ісі, жазған өлеңдері мен сөздері өз халқының тағдырымен тығыз байланысты. Бүгінде «Адам-заттың Абайы» атанып кеткен кемеңгер ақынның атындағы көшелер мен ескерткіштер елміздің түкпір-түкпірінде, тіпті әлемнің біраз қалаларында бар. Былтыр аудандағы ақсақалдар алқасымен кеңесе отырып, Самар ауылының ор-талық алаңы-на Абай атын беру туралы шешімге келгенбіз. Бүгін дана бабамыздың туған күні қарсаңында осы мақсатқа жеттік. Ескерткіштің ашылу салтанаты - өңіріміздегі тойлардың басы. Бұдан әрмен жастар арасындағы Абай оқуы жарысын, ертең халықаралық жігіт сұлтаны байқауын келіп тамашалаңыздар, - деді Асхат Сайдахметұлы.
Ал абайтанушы ғалым Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының доценті Омар Жәлел, абайтанушы, зерттеуші, ғалым, Асан Омаров, ардагер ұстаз, құрметті зейнеткер Гүлбану Байханова ұлы ақын шығармаларының мән-мазмұны, өміршеңдігі туралы салиқалы ой өрбітті.
Бұдан әрі С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Қазақ тілі кафедрасының доценті, абайтанушы Омар Жәлел сөз сөйледі. Ол Абайдың «Адам бол» атты адамгершілік кодексіне егжей-тегжейлі тоқталды. Қазіргі жастардың мәселелерін, олардың қоғамға пайда әкелмейтін, жан кеміргіші, ғасыр дерті саналатын жеке бас мүддесі хақында сөз қозғады.
- Абайтанудың ұлттық мектебін, ұлы Абай мұра етіп қалдырған «қара сөздің» мағынасын зерделеп түсінетін уақыт жетті. Абай еңбекқорлықпен қатар, адамның негізгі адамгершілік қасиеттерінің бірі - танымға, ғылымға деген ұмтылысы деп санайды. Абайдың өлеңдері, поэмалары мен қара сөздерінде еңбектің адамның өмірлік көзқарасын қалыптастырудағы маңызы зор екені айтылады, - деді абайтанушы ғалым.
Маңызды оқиғамен құттықтауды ғалым, зерттеуші, абайтанушы Омаров Асан жалғастыр-ды. – Абай өз халқына тілмен қатар, білім, тарих әкелді. Жаңа шындық, айналадағыларға жаңа көз-қарас тудырады, сондықтан Самар ауылында Ұлы Абай ескерткішінің бой көтеруі - маңызды оқиға. Абайдың сөзін жатқа оқу аз, сол тәліммен өмір сүру, әрекет ету керек. Осыған байланысты, мен үш жыл бойы ұлы ойшылдың еңбектерін зерттедім және кітаптарымды жаңартылған түрде түсіндірме мен пікірлерді келтіре отырып, басып шығардым, - деп атап өтті құрметті қонақ.

Бірінші даналарын аудан әкіміне ұсынып, одан әрі олардың таралымын арттыруға және мектеп кітапханаларын толықтыруға уәде берді.
Құттықтау сөзін зор мақтанышпен, асқақ үнмен жалғаған педагогика саласының еңбек ардагері Гүлбану Қалибекқызы Майқанова: Самар ауы-лындағы Абай ескерткішінің ашылуы - біз үшін үлкен қуаныш. Біз абайдан үлгі алып, балаларды оқытып, хакім нұсқаған бағытпен өмір сүруге тәрбиелеуіміз керек. Қазақ халқы Абай арқылы орыс ақындары Лермонтов, Пушкин, неміс ақыны Гете шығармаларымен танысты, - деді Еңбек ардагері.
Сондай-ақ, Абай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Елдар Оразалы ақынның туған елінен ала келген ыстық сәлемін жеткізіп, Абай ауданы әкімінің атынан Асхат Сайдахметұлына Алғыс хат пен қос ақ боз ат бейнеленген картинаны сыйға тартты.
Самар төрінде салқын самалға маңдайын тосып, ой үстінде тұрған мынау данышпан ақынның мүсінін Суретшілер одағының мүшесі Әлібек Шоқанов мүсіндеген.
- Ескерткіштің өзін екі ай уақыт ішінде даярладық. Ал жалпы тұлғаны қалай мүсіндей-тінімізді былтырдан бері ақылдаса келіп, Ал-матыдағы ескерткішті үлгі етіп алуды жөн сана-дық. Ырымшыл халықпыз ғой, ескерткіштің биіктігін тұғырымен қоса санағанда жеті метр етіп тұрғыздық. Ұлы Абайдың әр кірпіш өзінің орнын табуы керек деп айтқанындай, бүгінде мен де өз кірпішімді қалайтын орнын таптым деп санаймын, ол - дамдарға көмек көрсету, – деді автор.
Адамды сүйіп, адамзатты құрметтеуге үнде-ген кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының ес-керткішінің шымылдығын Көкпекті ауданының Құрметті азаматы Баянды Қожамбетов, режисер-сценарист, өнертанушы, композитор, тарихшы-этнограф, жазушы Ерлан Төлеутай, Өскемен қаласының Құрметті азаматы, маслихат депутаты Майраш Екибасова, шежіреші Мусайп Сыдықов, ШҚО ардагерлер кеңесінің құрметті мүшесі Фрунзе Жақсылықов, профессор Адамбек Тәтенов және Ұлы Абай атамыздың ескерткішінің авторы, Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі, облыс әкімі сыйлығының иегері, суретші, мүсінші Әлібек Шоқанов ашты. Ашылу рәсімінен кейін шашу шашылып, күй ойнатылды.
Салтанатты бөлімнен кейін Мәдениет үйінде Ұлы Ақынның туған күніне арналған «Абай оқу-лары» атты облыстық мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқауға Алтай, Риддер, Аягөз, Абай, Курчатов, Зайсан қалаларынан, Жарма, Тарбағатай, Бесқарағай, Көкпекті аудандарынан 27 қатысушы бақ сынады. Іс шараның мақсаты - мәнерлеп оқу, жатқа оқу дағдыларын жетілдіру, оқушылардың рухани ой-өрісін кеңейту, Абай Құнанбаевтың шығармалары арқылы поэзияға деген сүйіспен-шілікті ояту болды.

Көптеген қатысушылар әртістік қабілеттерін, жақсы дайындықтарын көрсетті. Қазылар алқа-сының мүшелері актерлік қойылым, дикция, дұрыс айтылу, сахналық көрініс және Абай шығармаларын орындау мәнері бағаланды. Байқау қорытындысы бойынша І орын – Олжас Серікбекұлы (Тарбағатай ауданы) 200 мың, ІІ орын – Әлішер Слямбеков (Зайсан ауданы) 150 мың және ІІІ орын – Дилназ Ахмадиева (Көкпекті ауданы) 100 мың теңге қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Ал кемеңгер ақынның шығарма-ларын шабыттана оқыған қатысу-шыларға мадақтама қағаз бен 5 мың теңге ынталандыру сыйлығы табыс етілді.
Самар ауылының төрінде қолына кітабын ұстаған ұлы Абайдың ес-керткіші ашылды. Демек, ақын рухы біздің ауданымызда да шарлап жүр. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айт-қандай «Абайды тану арқылы біз Қазақстанды, қазақ халқын әлемге танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс».

Мұрат Булькенов, Теректі ауылдық округінің тұрғыны, «Қарақас»ШҚ басшысы:
- Самар ауылындағы Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың мерейтойы қарсаңында ашылған ескерткіш тарихи құндылығымен ерекшеленеді. Хакім Абайдың өлеңдерін жаттап, қара сөздерін көкейіне сақтап өскен елдің ұрпағының рухани жан дүниесі бай болады. Абай әлемі жетіқараңғы түнде адастыр-мас темірқазық іспетті. Соған қарап тірлігіміздің дұрыс-бұрыс-тығын сараптай аламыз. Бүгінгі ашылған Абай атамыздың ес-керткіші, көпшіліктің рухани нәр алуға келетін орны болатынына сенім мол.


Биғатша Жампейісова, зейнеткер, Самар ауылдық округінің тұрғыны:
- Бүгін біздің ауданның барлық тұрғындары үшін қуанышты және бақытты күн. Абай ескерткіші - бұл оның еңбегі, өсиеттері, өзінің өзектілігін ешқашан жо-ғалтпайтын аты аңызға айналған «Қара сөздеріне» деген құрмет. Бұл мереке баршамызға тек қуа-ныш, игілік әкелсін! Мереке құтты болсын, жерлестер!

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз