Шығыс Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушының өкімімен Смаилов Асхат Сайдахметұлы Көкпекті ауданы әкімі лауазымына тағайындалды. Смаилов Асхат Сайдахметұлы 1968 жылы 1 наурыз күні Семей облысы Ақсуат ауданы Қызыл Кесік ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1991 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша бітірді. 01.11.1991-11.05.1994- Ақсуат аудандық қаржы бөлімінің кірістердің түсуіне болжау және экономикалық талдау бөлімінің аға экономисі 11.05.1994-28.05.1996 -Ақсуат аудандық қаржы бөлімінің кірістердің түсуіне болжау және экономикалық талдау бөлімінің меңгерушісі.
28.05.1996-14.08.1997- Ақсуат аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі
14.08.1997-31.10.2002- Тарбағатай аудандық қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары-бюджет бөлімінің бастығы.
31.10.2002-07.01.2005- Тарбағатай аудандық экономика бөлімінің бастығы.
07.01.2005-03.05.2005- Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің бастығы,
03.05.2005-10.09.2007- Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары.
10.09.2007-31.10.2007- Тарбағатай аудандық қаржы бөлімінің бастығы.
01.11.2007-16.02.2009- Тарбағатай аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы
16.02.2009-23.12.2009- Көкжыра ауылдық округінің әкімі.
23.12.2009-08.10.2010- Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының басшысы.
08.10.2010-09.05.2018- Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары.
Пікір: