Құрметті оқырман! Қолыңыздағы бұл кітап «Ақжайлау», «Ұмытпа мені, Ақжайлау», «Ұлыны ұлықтау ұлт парызы» ктаптарының авторы Ратбек Арынұлының жаңа туындысы. Автор өзінің өмірден түйгендері мен көрген-білгендерін ой елегінен өткізіп, жаңа шығармасына өзек еткен.
Алғашқы еңбек жолын ұстаздықпен бастаған Ратбек Арынұлы, Ақсуат ауданындағы «Еңбек туы» газетінде журналистік қызмет те қолынан келетінін көрсетеді. Көп ұзамай Көкпекті ауданының «Жұлдыз» газеті редакциясына шақырылып, «Адам және Заң» айдарымен арнайы бет шығару жүктемесін абыроймен атқарады. Кейіннен аудандық партия комитетінің жолдамасымен ішкі істер бөлімінде қызмет етіп, майор шенімен отставкаға шығады.
Қазақ халқының басынан өткен небір «тар жол, тайғақ кешулер» мен қоғамда орын алған келеңсіздіктерге бейжай қарай алмайтын және әділдікті тура айта білетін шыншыл ақынның шығармалары қысқа да нұсқа жазылған. Кітап тілі жатық, оқуға жеңіл, қалың оқырманның көңілінен шығатынына сенімдіміз.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.