Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауылының орталығы биылғы жылы көз алдымызда келбеттене түсуде. «Жәрдем» және «Дильназ» дүкендерінің алдындағы алаңда автотұрақ құрылысын жасау жұмыстары тез арада жүргізіліп, пайдалануға берілді. Бұл игі істі мықты техникалардың күшімен сапалы әрі жылдам орындаған «Көкпекті жолдары» ЖШС-ның басшысы Г.Нұрғалиеваға және ұжым жұмысшыларына Көкпекті ауданының автокөлік жүргізушілері дән риза.


Көкпекті ауылын абаттандыру жұмыстары тек мұнымен шектелген жоқ. «ДЭУ-29» ЖШС басшысы Гулрайхан Мухамадиева Төлебаев көшесі бойын зират маңына дейінгі жолды грейдерлеу, тегістеу жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, Көкпекті ауылдық округіне қарасты Шәріптоғай ауылының екі көшесінде «Көкпекті жолдары» ЖШС-нің басшысы Гүлназ Нұрғалиева өз қаражатымен жолды тегістеп, құмтас төсеу жұмыстарын жүргізді. Ал, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін басты ұстанымына айналдырған Көкпекті аудандық мәсли-хатының депутаты, кәсіпкер А.Бойков аталмыш ауылдағы өзен арнасын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге көмегін тигізді.
Туған ауылдың көркіне көрік қосу, келбетін ажарландыру жұмыстарының барлығы, халық игілігі үшін атқарылуда. Сондықтан, «Ауылым – алтын бесігім» деп жар құлағы жастыққа тимей, патриоттық рухты үлгі етіп жүрген іскер азаматтарға қолға алған істеріңізде биік табыс-тар мен берекеге жетіңіздер дейміз.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз