Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Құрметті құрылыс саласының қызметкерлері және ардагерлері!
Сіздерді осы аптада аталып өткен кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Алдағы уақытта да тың табыстарға жете отырып, абыройларыңыздың арта беруіне тілектеспіз!
Құрылыс саласы қоғамдық өміріміздің күрделі әрі кешенді жүйесі, ал құрылысшы құрметті де мәртебелі мамандық екендігін өмір өзі дәлелдеп келеді.
Елордамыз Астана еліміздің осы заманғы жедел өсіп келе жатқан ірі қаласына және Еуразия кеңістігіндегі үлгілі астанаға айналуы, мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының деңгейін көрсетеді. Ал, өңірімізде жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстары өңір экономикасының көтеріліп келе жатқандығын аңғартады.


Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елімізде құрылыс саласын дамытуға, құрылысшылардың қарқынды еңбегін қамтамасыз етуге тұрақты назар аударып келеді. Бұл қазақстандықтардың осы заманғы әлеуметтік сұранысын қанағаттандыруға бағытталған үлкен міндеттен туындайды. Азаматтарымыздың сұранысы мен қажеттілігі басты бақылаудан түскен емес. Жекелеген тұрғындар да жаңадан жер телімдерін алу арқылы тұрғын үйлер тұрғызуға күш салуда. Осының бәрі ауданымызда құрылыстың қарқынды жүргізіліп жатқандығын, құрылысшылардың аянбай еңбек ете білетіндігін көрсетеді. Сол себептен, құрылысшыларымызға төл мерекесі қарсаңында дән ризашылығымызды білдіреміз.
Әрине, қандай құрылыс болсын орасан зор еңбекті қажет етеді, ол Сіздердің жасампаз еңбектеріңіздің жемісі. Аймақтың экономикасына қосып отырған үлестеріңіз үшін сіздерге шын жүректен алғыс айтамыз.
Құрметті құрылысшылар!
Кәсіби мереке қарсаңында Сіздерге зор денсаулық, бірлік пен ынтымақ, отбастарыңызға амандық және атқарып жатқан жұмыстарыңыздың жемісті болуын тілейміз. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Р.Сағандықов, аудан әкімі
Т.Сарманов, аудандық мәслихат хатшысы

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз