Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Мал басын көбейту саласындағы басым бағыттардың бірі ірі қара малды қолдан ұрықтандыруға түседі. Дәл осы мақсатпен өткен аптада Көкжайық ауылында «Елім-ай Көкпекті» шаруа қожалығы негізінде «Қазақы ақ бас тұқымды ірі-қараны қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру» тақырыбында республикалық семинар болып өтті.
Жиынға Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы және Жамбыл облыстарының ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары, аталмыш бөлім басшылары, ауыл әкімдері, сондай-ақ, аудандағы шаруа қожалық басшылары мен мал дәрігерлері қатысты. Жасанды ұрықтандыру мал тұқымын асылдандырудағы негізгі құрал бола отырып, өндірушілердің көрнекті қасиеттерін пайдалану арқылы мал басын өсірудегі жұмыстың сапасын арттыру қарқынын жеделдетуге үлесін қосады. Аудан әкімінің орынасары М.Теміржановтың айтуы бойынша қазіргі таңда аудандағы ірі қара малдың 37 мың 474 басы асыл тұқымды болып табылады.

Мал басын кең ауқымды асылдандырудың республикалық бағдарламасына ауданның қазақы ақ бас тұқымының ет шаруашылығымен айналысатын 151 шаруа қожалығы енген. Бұл қожалықтарда 17 мың мал басы тіркелген. Оның ішінде 8989 бас сиыр асылдандыруға қатысады. Оған 475 асыл тұқымды бұқалар пайдаланылады.
Алайда, ауданымызда мал басының көп бо-луына қарамастан, жасанды ұрықтандыру әдісі тек екі шаруа қожалығында – «Өрнек» және «Елім-ай Көкпекті» ЖШС ғана қолданылады. Самар ауылында шаруа қожалықтары мен жеке тұлғаларға арналған жасанды ұрықтандыру бөлімшесі ашылған.
Семинар барысында ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қазақтың ақ бас тұқымының республикалық палатасы директорының орынбасары Қанат Жанабекұлы Ыдырышев пен қазақтың ақ бас тұқымының республикалық палатасының селекция және асылдандыру жұмыстары бойынша менеджері Александр Анатольевич Суминов қатысушыларға жасанды ұрықтандырудың осы саладағы басқа тәсілдерден артықшылықтары жайлы айтып берді. Сондай-ақ, семинардың тәжірибелік бөлімінде шеберлік сыныбын өткізді. Осы салада жұмыс істеушілер үшін аса маңызды мәселелерді түсіндіре отырып, Қанат Жанабекұлы асыл тұқымды малдарды қолдан ұрықтандырудың мәні, табынның генетикалық өнімділігі әлеуетін арттыру сияқты мәселелерге тоқталып өтті. Қолдан ұрықтандыру ірі көлемді селекцияның ұйымдастырушылық-техникалық негізі ретінде, өнімділігі жоғары өндіруші аталықтарды кең көлемде пайдалану есебінен, өнімділік көрсеткіштері төмен малдардың сапасын жақсарту қарқынын жеделдетуге мүмкіндік туғызады. Бұл әдіс малдарды ерікті қашыру кезінде таралатын жыныс жолдарының жұқпалы ауруларының алдын алуға септігін тигізеді, сондай-ақ, экономикалық жағынан да өте тиімді болып саналады. Себебі, бұл әдіс бұқаларды күтіп-бағуға жұмсалатын шығындардың көлемін бірнеше есеге дейін төмендетеді. Қолдан ұрықтандыруды пайдалану, табындағы малдарды алғашқы зоотехникалық есепке алу және асыл тұқымдық есеп жүргізу жұмыстарын айтарлықтай жеңілдетеді.
Александр Анатольевич өз кезегінде асыл тұқымды малды қолдан ұрықтандыру жолдары мен артықшылықтары бейнеленген слайдтар мен бейнефильмдерді көрсетті. Александр Суминов өз сөзінде айтып өткендей, жас малдардың санын арттыру және оны сақтау мал өсірумен айналысатын мамандардың басты мәселесі болып табылады.
Семинардың тәжірибеге бағытталған екінші бөлімі «Елім-ай Көкпекті» шаруа қожалығының мал бордақылау репродукторы алаңында өтті. Бұл жерде қолдан ұрықтандыру тәсіліне арналған құрылғылармен таныстырып, оған қолайлы уақытты дұрыс таңдау қажеттілігін түсіндірумен қатар, теория түрінде айтылған мәселелерді тәжірибе жүзінде іске асырып көрсетті.
Бүгінгі таңда етті бағыттағы мал шаруашылығының экспорттық әлеуетін дамыту экономикалық тұрақтылықты арттыруға және ауыл шаруашылығы өнеркәсібін әртараптандыруға септігін тигізеді. Сол себепті, Қазақстан етті бағыттағы мал шаруашылығының экспорттық әлеуетін дамыту тұжырымдамасы Қазақстанда өндірістік сектордың тұрақты даму құралы болуға бағытталған. Бұл өткен жиын ауыл шаруашылығында еңбек етіп, мал басын асылдандыру саласына тер төгіп жүрген жандар үшін қажетті ақпараттармен қанығуға мүмкіндік берген маңызды да келелі отырыс болды.


Жансая СМАҒҰЛОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз