Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерін мейірімділігімен, имандылығымен, әдептілігімен ардақтайды.


«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», деп, дана халқымыз айтқандай, қайырымдылық жасау ауқатты адамның ғана істейтін ісі емес, ол жүрегі мейірімге толы әр адамның ісі. Ата-анасынан айрылып, жетім қалған,әлеуметтік жағынан қорғалмаған және күнкөрісі төмен отбасыларына қамқорлыққа алынған балаларға жанашырлық жасау, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысып, қол үшін беру адамдық парызымыз.
Осындай жарқын істер Көкпекті ауданында жақсы жолға қойылған. Қайырымдылық шаралар жомарттық танытатын аза-маттардың көбейіп келе жатқанының куәсі. Осының бір дәлелі, жуықта Көкпекті орта мектеп ұжымының ұйымдастыруымен өткен қайырымды іс. Бұл игі шара туралы мектеп директоры Аслан Балабекұлы Танысбаев баяндап берді:
- Бұл шараның негізгі мақсаты жас ұрпаққа адамгершілік, ізгілік, қамқорлық сияқты адам бойындағы жақсы құндылықтарды дарыту. Кезекті мектеп белсенділерімен өткен жиналыста, осы мәселе қолға алынып, мектептегі аз қамтылған оқушыларға азық-түлік таратып бердік. Мектеп бойынша 37 отбасына 74 мың теңге қаражат көлемінде көмек көрсетілді. Біздің мектеп ұжымы қайырымдылық аясында көмек көрсету кезінде белсенділіктерін көрсетеді. Осы іс шараға бір кісідей ат салысқаны үшін,мектеп ұжымына алғысымды білдіргім келеді.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз