Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Құрметті жерлестер, православтықтар!

Қаңтардың 6-нан 7-не қараған түнi Қазақстандағы православтықтар Рождество мерекесiн атап өтедi. 2005 жылдан берi ҚР Еңбек кодексiне сәйкес, бұл күн демалыс күнi болып жарияланды. Рождество мерекесi әлемнiң христиан дiнiндегi 14 елiнде бiр күн, 15 елiнде екi күн, ал, 7 елiнде қатарынан үш күн тойланады. Православтықтар екi мың жылдық тарихы бар дiни мейрамды тойлау үшiн үлкен дайындық үстiнде.
Рождество – христиандықтардың басты діни мерекелерінің бірі. Бұл мейрам Иса пайғамбардың дүниеге келуі құрметіне орай атап өтіледі. Рождество Христово күні барлық адамға Құдай көмек қолын ұсынады, рахымын жаудырады. Халық өткен жылға шапағат айтып, келер жылдан жақсылықтар тiлейдi. Рождествоны (құдайдың туған күнi деп мейрамдайтын христиан дiнiн тұтынушылардың мейрамы) мемлекеттiк мереке санайтын әлем елдерi үшiн бұл күн жақсылық - жамандықты, әдiлдiк - зұлымдықты жеңген күн болып есептеледi. Яғни, қаңтардың 6-нан 7-не қараған түнi Иса пайғамбар дүниеге келiп, сол дәуiрден берi адамзат атаулы жұмақ есiгiн ашуға қол жеткiзген деген наным-сенiм бар. Бұл күнгi сағат 24.00 күллi православ халқы үшiн үлкен мереке. Сондай-ақ, Рождество мейрамы қарашаның 28-i күнi басталған ауыз бекiту үрдiсiн тәмәмдайды. 7 қаңтар күнi шiркеуге жиналған халықтың барлығы ақ киiм киiп келедi. Бұл — бiрiншiден, әдiлдiктi, бейкүнәсiздiктi сипаттаса, екiншiден, мерекелiк көңiл-күйдi бiлдiредi.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Қазақстан 130 этнос пен 17 конфессияның өкілдері үшін туған шаңырағына айналды. Азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім біздің басты құңдылығымыз. Көпұлтты еліміздегі татулық пен келісім, мәдениеттер мен діндердің үндесуі әлемдік эталон ретінде танылған. Қазақстан жаһандық конфессияаралық үнқатысу орталығына айналды», - деп атап көрсеткендей, біздің елімізде ислам дінімен қатар келе жатқан христиан діні де адамзатты татулыққа, бірлікке үндейді.
Құрметті қауым, христиан ағайындар, сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, бірлік пен береке, зор мақсаттардың жүзеге асуы мен татулық тілейміз. Бір шаңырақ астындағы ынтымағымыз ортаймасын!

Р.Сағандықов, аудан әкімі
Т.Сарманов, аудандық мәслихаттың хатшысы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз