Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Айдың алғашқы сәрсенбісінде аудан әкімінің қабылдауын күтіп отыратын тұрғындар осы жолы да бірталай болды. Олардың әр қабылдау кезінде айтар арыз-армандары бір-біріне ұқсамаса да, барлығы да тұрмыс түйткілдеріне қатысты болып келеді.
Қабылдау барысында үш адам материалдық көмек сұрап келді. Оның бірі ауыр науқасқа шалдыққан тұрғын. Р.Сағындықов өтініш берушінің мәселесін мұқият қарап, өтінішін қанағаттандыруды тапсырды. Материалдық көмек сұраушының бірі көп балалы ана. Мектеп жасындағы бес баласының жаңа оқу жылына даярлығы алаңдататын анаға да қанағаттанарлық жа-уап қайтарылды. Осы орайда аудан басшысы «Мектепке жол» акциясы аясында көмекке мұқтаж қаншама бала барын, нақты қандай көмек қажет екенін анықтау бойынша ауылдық округ әкімдеріне тапсырма берілетінін айта келіп, Самар ауылдық округінің әкіміне нақты осы отбасына көмек көрсету жолдарын қарастыруды тапсырды. «Бес дәптер, екі қалам беріп, көмек көрсетілді деген есеп беруге жол берілмесін», - деді Рамиль Нығметжанұлы. Мүгедек бала тәрбиелеп отырған анаға да материалдық көмек берілетін болды.


Шығыс Қазақстан облысында зейнеткерлердің тегін демалып, ем қабылдауына болатын "Уба" шипажайы ашылғалы үшінші жылдан асып барады. Біздің ауданның зейнеткерлеріне де осындай мүмкіндік туған. Бірақ шипажайға бір рет барып келгендер жылда барғысы келеді. Осындай өтінішпен бірнеше рет қабылдауға келгендер бар. Аудан бойынша төрт мыңнан аса зейнеткер бар, ал шипажайға бөлінетін жолдама саны елуге де жетпейді. Әр ауылдық округтен денсаулығын түзеп, дем алғысы келетіндер саны күн санап артып келеді. Сондықтан да кезек күту қажеттігін түсінген дұрыс болар. Егер дер кезінде бара алмайтын болып, бас тартып жатса, жолдама кезекте тұрғандарға қайталап ұсынылуы мүмкін. Бұл жағын ауданның әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту бөлімі бақылайды.
Кондоминимум Қазақстан Республикасындағы 1997 жылдың 16 сәуірінде қабылданған «Тұрғын үй туралы» Заңда қарастырылған. Үй төбесінің құлап қалу қаупі төніп тұрған Тимур көлденең көшесі, 45-ші көппәтерлі үйдің тұрғындарына шатырды жөндеу барысында осы заңға сүйену қажеттігі айтылды. Бұл 16 пәтерлік үйде 15 отбасы тұрады. Оларға мәселені шешу бойынша ауылдық округ әкімшілігі мен ТҮКШ мамандары ақыл-кеңес беріп, көмектесуі үшін тапсырма берілді.
Қабылдауға тұрақты түрде келетін адамдар да бар. Олардың айтар мәселелері де аудан әкіміне жете таныс, бірақ сонда да олар қабылданып, аудан басшысы әрқайсысын зейін қоя тыңдап, барынша жауап қайтарып, түсіндірме береді. Ал қабылдауда қаралған барлық сауалдар тиісті бөлімдерге жолданып, оларға қатаң бақылау жасалады. Кейін орындалуы туралы өтініш беруші азаматқа жазбаша түрде жауап қайтарылады.

Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз