Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Мемлекеттік қызметкерлер қа-шанда халықтың арқа сүйері, сенім артар тұлғалары болуымен қатар, жоғары кәсібиліктің үлгісі болуы тиіс. Осы қағидаларды ескере отырып, кәсіби мереке қарсаңында Роза Байтілеуқызының жетек-шілігімен Белое ауылдық округінде ауданымыздың мемлекеттік қыз-меткерлерінің басын қосқан дөң-гелек үстел өтті. Әр ауылдың тізгінін ұстаған мамандар қатысқан жиында мемлекеттік қызметкердің біліктілігімен қатар, сыртқы кел-беті мен өзін ұстау әдебі сөз етілді. Қызметтік этика қазірде мем-лекеттік қызметкердің жеке бас сапасы ретінде ғана емес, оның кәсіптік қасиетін білдіретін деңгейіне көтереді.

Осы жөнінде Мариногорка ауылының бас маманы С.Санатова «Өзіне жоғары талап қоя білу мемлекеттік қызметкердің өзін-өзі ұдайы жетілдіруі ғана емес, өзгелерден сондай жетілуді талап ету болып табылады. Талап ету – сенім бІлдірумен, сыйлаумен сабақтасып жатуы қажет. Моральдық сапа қасиеттерінің ішіндегі ең шынайысы – мемлекеттік қызметкердің беделі. Беделдің жиналуы – өз ісін терең білуі мен қажымас еңбек, адалдық пен әділдік, парыз бен жауапкершіліктің дамыған деңгейі», - деді баяндамасында.
Иә, мемлекеттік қызметкердің басты қызметі, адамдармен қарым–қатынастағы басшылық – адамдармен жұмыс істей білушілік. Халықпен тең қарым-қатынаста болу, кез-келген жағдайдан жол таба білу, өз сезімін басқара білу. Алдына келген адамның мәселесінің шешімі табылатынына деген сенімділігін арттыру білікті маманның қызметтік міндеті әрі адамдық борышы.
Жиын барысында сөз алған Белое ауылдық округінің әкімі Мұхтар Жанкебаев әріптестерін мерекелерімен құттықтай келе, мамандарына ризашылығын білдіріп, алғыс хаттар табыс етті. Дөңгелек үстел соңында қатысушылар пікірлерін білдіріп, аталған міндеттерін адалдықпен атқаруға дайын екендіктерін жеткізді.
Жансая СМАҒҰЛОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз