Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Сіздерді Қазақстан полициясының кәсіби мерекесі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ішкі істер органдары қоғамдық құқық тәртібін, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құрылымдардың бірі. Қазақстан дербес мемлекет болып, тәуелсіздігін жариялаған сәттен бастап оның тыныштығын қорғауға берік ден қойылып келеді. Осынау қырағы мамандықты таңдаған жастар да елінің алдындағы борышын сезінетіні сөзсіз. Қызметіне деген адалдық, рух беріктігі және жауапкершілік полиция қызметкерлерін әр уақытта даралап келген. Олардың мәртебесін көтеретін – қабылдаған антқа деген адалдықтан бөлек, Отанға деген патриоттық сезімнің жоғарылығы.


Біздің аудан полициясының тарихында да қайсарлық пен табандылықтың, кәсібиліктің үлгілері аз емес. Ардагерлердің тәжірибесі мен жастардың қайсарлығы құқықтық тәртіптің нағыз қорғаушыларына адам өмірінің тыныштығы мен амандығын сақтап, қоғам ішінде тәртіп пен тұрақтылықты орнатып, өзінің қызметтік борышын лайықты орындауға мүмкіндік береді.
Осы қойылған мақсаттарды орындау кезіндегі адал қызметтеріңіз үшін ерекше алғысымызды білдіреміз. Еліміздің қорғаны – полиция қызметкерлерінің еңбектеріне табыс, қызметтеріне сәттілік пен абырой тілейміз. Аудандық ішкі істер бөлімінің бүкіл жеке құрамы бұдан кейін де біздің ауданымызда қылмыскерлікке жол бермей, ауданның тыныштығын, тәртібін сақтап және тұрақтылығын қамтамасыз етеді деген сенімдеміз. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізде табыс тілейміз. Қазақстан Республикасының өркендеуі жолында табысты қызмет ете берулеріңізге тілектеспіз!
Р.Сағандықов, Көкпекті ауданының әкімі
Т.Сарманов, аудандық мәслихаттың хатшысы

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз