Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауылдық округінің жаңадан тағайындалған әкімі Қанат Ермекұлы Мұқышев аудан әкімі сеніп тапсырған Көкпекті ауылына қарасты Ажа, Толағай, Шәріптоғай, Ұзынбұлақ ауылдарының баянды болашағы үшін жанын аямай жұмыс істеуде. Осы орайда, Қанат Ермекұлымен ауылдың жағдайы мен даму барысындағы жоспарлары және тағы басқа бірқатар мәселелер бойынша сұхбаттасқан едік.
- Көкпекті ауылының әкімі болып тағайындалғаныңызға көп уақыт бола қойған жоқ. Деседе, осы уақыт ішінде қандай шаруаларды атқара алдыңыздар?
- Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Ауыл – әр қазақтың бесігі, тарихымыз бен мәдениетіміздің қайнар бұлағы», - деп айтқанындай, мемлекеттің негізгі тірегі ауыл екені баршаға айқын. Өйткені, ел байлығын – алтын астықты өндіретін ауыл диқандары, мал өсіріп, сүт-ет дайындайтын ауыл

адамдары, елдің болашағы - жастардың дені ауылда дүниеге келеді. Сол себепті, өскелең де өрнекті өміріміздің айнасы іспеттес ауылымыздың тазалығына биыл көп көңіл бөлудеміз. Қазір аптаның әр жұмасында мекеме ұжымдары өздеріне бекітілген жұмыс орындарына тазалық жұмыстарын жүргізеді. Ырғызбай, Әбішев, Ж.Шайжүнісов көшелеріне құм-тас төселіп, тегістеу жұмыстары жүргізілді. Енді байқаудың қорытындысынан кейін мердігерлер белгілі болса, ары қарай жөндеу жұмыстары жалғасады. Сонымен қатар, Жеңіс саябағына 220 жуық көшеттер отырғызылды. Жақында күл-қоқыстарды төгетін жерді тазалау жұмысына мердігерлер арасында байқау ұйымдастырылған болатын. Тазалықты сақтауға барлық ауыл тұрғындары, мекеме ұйымдары, сауда орындары жауапкершілікпен қарап, өз аулаларының іші-сыртын тәртіпке келтіруге ат салысуға шақырамын.
- Көкпекті ауылында орналасқан сауда орындарының сырт келбеті көптеген жиналыстарда тілге тиек етілді. Қазіргі таңда ол мәселе жабулы қазан күйінде қалған сияқты? Осы мәселе жөнінде қандай ойдасыз?
- Бұл мәселенің расында да шешілмей келе жатқанына көп уақыт болды. Мемлекеттік ұйымдар, жеке кәсіпкердің ісіне араласуына болмайды. Бірақ, жергілікті әкімшілік тарапынан өз сауда үйлерінің маңын әктеп, абаттандыру жұмыстарын жүргізуге кепілдемелер беруге міндеттіміз. Әзірге, өкінішке орай, ешқандай өзгеріс жоқ. Бірақ бұл уақытша деп ойлаймын. Түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында көрші Самар, Қалбатау ауылындарындағы сауда орындарының жайнап тұрғаны айтылды. Ауылдық округ белсенділерімен бірлесе отырып бұл мәселенің шешемі табамыз.
- Қанат Ермекұлы, Елбасы ұсынған 100 нақты қадамның 1 қадамында айтылған кәсіби мемлекет туралы пікіріңіз қандай?
- Бұл реформа бойынша біздің мемлекет қазіргі таңда, мемлекеттік аппаратты қалыптастыруда алдыңғы қатарда деп айтуға болады. 10 және 15 қадамдар қазір іске асуда. Реформаның орындалғаны туралы, дәлірек айтқанда, біздің округте қазіргі уақытта мемлекеттік қызметке 4 бос жұмыс орындары бар. Мемлекеттік қызметке қабылдау барысында арнайы тест тапсыру, барлық заңдарды білу ескеріледі. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметкерлерге «Этикалық кодекс», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» жаңа заңдарын орындау және білуге талаптар қойылады.
- Округте халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі қалай шешілуде?
- Өздеріңізге белгілі, су - тіршіліктің көзі. Яғни, ауыз су мәселесіне байланысты мәселе Ажа ауылында. Қазір осы мәселені қарастырудамыз. Қай жерде су көздері бар, іздеу жұмыстарын бастадық. Бұл мәселе күн тәртібінен алынатын күн де алыс емес. Аталған бағыта «Ақ бұлақ» немесе «Нұрлы жол» бағдарламалары негізінде жұмыс жүргізілетін болады.
- Қазіргі таңдағы басты жобалардың бірі, сүтті қабылдау және өткізу мәселесі қандай деңгейде іске асуда?
- Сүтті қабылдау жұмысы сәуір айында ұйымдастырылып, күніне 20-30 литр шамасында сүт жинаған едік. Сүттің 1 литрі 70 теңгеден қабылданып, күніне шамамен 100 литр өткізіп отырдық. Өкінішке орай, сүтті қабылдау бағасы төмендеген себепті қазір жұмыс тоқтап тұр.
- Әңгімеңізге рахмет. ісіңіз оңға баса берсін!
Елге қызмет ету, билік тізгінін ұстап, көптің көңілін табу оңай жол емес. Осындай жолда Қанат Ермекұлы Мұқашевқа еңбегі табысты болсын дей отырып, сәттілік тілейміз.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз