Бүгінгі күні аудан тұрғындарының санасында Жер Кодексіне түзетулер енгізу қажеттілігі туралы дұрыс түсінік қалыптасуы маңызды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жер кодексінің бірқатар нормаларына мораторий жариялау туралы шешімі бұл мәселені тағы да мұқият қарастырып шығуға зор мүмкіндік беріп от-ырғанына аудан әкімі Рамиль Сағандықов сұх-батында баса назар аударды.
- Жаңа өзгерістер енгізілетіні белгілі болған сәттен бастап ақпараттық жұмыс бастау алды.Облыс әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасы бойынша, көкпектіліктерге барлық жаңа енгізілімдерді түсіндіретін мамандар мен сарапшылардан тұра-тын арнайы топ құрылды. Олар әрбір округті аралап, халықпен жүзбе-жүз кездесті. Аталмыш бағыттағы жұмыстар мораторий жарияланған соң да үздіксіз жүргізіле бермек. Басты мақсат - Жер кодексіне түзетулер енгізу қажеттілігі туралы түсінік халық санасында қалыптасуы керек, - дейді Рамиль Нығметжанұлы.
Аудан басшысы Жер кодексінің бірқатар нормаларына қатысты қабылданған мораторидің жергілікті атқарушы органдарға халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуге, әр мәселені миқұят қарастырып шығуға мүмкіндік беретінін ерекшеледі.
- Біздің аудан үшін жерлерді экономикалық айналымға енгізудің маңызы зор, себебі, өңірдегі жалпы көлемі 1457536 гектар жердің 1180152 гектары ауыл шаруашылығы мақсатына арналған. 2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ауыл шаруашылық жер телімдері 51,7 % құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы маңызы бар жерлер 868 ауыл шаруашылығы құрылымдарына бекітілген, жер көлемі - 610170 га құрайды, оның ішінде 188294 га егістік, 44377 га шабындық, 365278 га жайылымдық алқаптар. Сондықтан да ұсынылған түзетулер шаруаларға сол жерлерді жеке меншігіне сатып алуға зор мүмкіндіктер береді.
Қазіргі уақытта бір жылға мараторий жария-ланған Жер кодексінің түзетулеріне сәй-кес, қазақстандықтар ауыл шаруашылығы мақса-тындағы жерлерді арнайы аукцион арқылы жеке меншігіне сатып алуға құқылы. Бұл шаралар жерлерді толыққанды нарықтық айналымға енгізуге, сондай-ақ жер пайдаланушылардың жер ресурстарын тиімді пайдалану бойынша жауапкершілігін арттыруға көмектесеріне сенімдімін. Бастысы ауыл шаруашылығы жерлерінің мақсатты ғана емес, тиімді пайдаланылуы мемлекеттік бақылау күшейтілетін болады.
Қолда бар жер телімдерін мақсатты әрі тиімді пайдалану мәселесінде келесі ақпараттар жағдайды нақты көрсетіп береді. Жер қорының құрылымында аудан бойынша суармалы жерлерден 16183,0 гектар құрайды, оның ішінде егістік жерлердің 13974,0 гектар, тыңайған жерлер 1314,0 гектар, 33,0 га көпжылдық екпелер, 362,0 гектар шабындық, 500,0 гектар жайылымдар.
Өткен жылғы Үкіметтің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалануға байланысты ережесінде нақты көрсетілген талаптарын аудан агроқұрылымдарының тең жартысы әлі де орындамай отыр. Жерді пайдалану кезінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерінің меншік иелерімен және жер пайдаланушылармен жерлерді жақсарту шаралары өткізілуі тиіс.
Агрохимиялық іс-шараларды енгізу: ғылыми негізделген нормаларға сәйкес минералдық және органикалық тыңайтқыштарды енгізу. Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға беріл-ген өсімдіктерді бақылау және олардың өсуін қадағалау шаралары міндетті болып саналады. Топырақтың құнарлылығын сақтау, соның ішінде сақтау арқылы агротехнологиялық операцияларға сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге байланысты агротехникалық тәсілдерін қолдану, топырақты тозудан сақтау, ішкі шаруашылық мақсатындағы жерге сәйкес орналастыру жобаларын орындау жөніндегі іс-шаралар ұйымдастыру жауапкершілігі де қарастырылған. Сонымен бірге әрбір жер пайдаланушы ауыспалы егістерді сақтауды ескере отырып, ғылыми негізделген схемаларын ротация дақылдарын бақылауға, тұқым шаруашылығы және фитосанитарлық талаптарды орындау бойынша ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру жолына байланысты іс-шараларды жүргізуге, ғылыми негізделген мерзімде сорт ауыстыруды және сорт жаңартуды ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын сақтауға, арамшөп тұқымын залалсыздандыруға және карантиндік өсімдіктермен, аурулармен және зиянкестермен күресу бойынша фитосанитариялық іс-шараларды жүргізуге міндеттеледі.
Аудан бойынша өткен 2015 жылы егістік жерлерге барлығы 450 тонна минералдық тыңайтқыштар пайдаланылған, жалпы егістік жер көлемі 4500 га. Олар Самар ауылдық округі бойынша "Лик" (М.Лопаткин) және "Қалисатарұлы" (С.Жотабаев) шаруа қожалықтары, Көкпекті ауылдық округі бойынша "Виктория" шаруа қожалығы (Ю.Виничук). Ағымдағы жылы 1700 тонна минералдық тыңайтқыштарға өтінім берілген, алайда, қаражат тапшылығынан тек 734 тонна минералдық тың-айтқыш субсидиялауда сатып алынады,
Ылғал сақтау технологиясымен егілген егіндік 60 мың га, жалпы егіс алаңдарының 43,5% құрайды. Болашақта бұл көрсеткішті 65,0% дейін жеткізу көзделуде. Фитосанитариялық күрес іс-шараларын жүргізу мақсатында арамшөп және карантиндік өсімдіктермен, аурулармен және зиянкестермен күрес үшін 48616 гектар алаңға гербицидтер қолданылған.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев еліміздегі реформаларды жүзеге асырудың жолдарын белгілейтін «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарын жариялады. Соның 35-қадамында ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану мақсаты қарастырылған.Осы аталған қадамдағы ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану дегеніміз – әрбір шаруа қожалығы иелері жерлерін өз мақсатына сай пайдалану екені анық. Ауыспалы егістік технологиясы сақталуы тиіс. Мемлекет меншігіндегі жерді өз иелігіне алған шаруалар жерге басқа көзқараспен қарайды. Яғни, жер өзінікі болғандықтан оны ұтымды пайдалануға тырысады. Бұл мәселені де ойласу қажет. Қысқасы, жер құр жатпай пайдаланылуы керек. Сонда ғана біз елімізді азық-түлікпен толық қамтамасыз етеміз. Сондықтан, Елбасы жариялаған мораторийді пайдаланып осы мәселені байыппен шешіп алғанымыз абзал.
Мемлекет басшысы шешім қабылдап отыр. Ендігі жерде қоғам өз үлесін қосып, жер қаты-настары саласындағы көкейкесті мәселелерді түсіндіруге және талқылауға белсенді атсалысуы тиіс. Президенттің тапсырмасымен жаңа үнқатысу алаңы – Үкімет жанындағы комиссия құрылады, оның жұмысы бүкіл қоғам мүдделерін ескере отырып, жер заңнамасын жетілдіруге бағытталмақ.Бүкіл қоғамдық ұйымдар, бастамашыл топтар және қарапайым азаматтар жер мәселесі бойынша бірегей көзқарас қалыптастыруға өз үлестерін қосуы тиіс деп есептеймін, - деп түйіндеді сұхбатын аудан әкімі Рамиль Сағандықов.
Дархан БЕРДІБЕК
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.