Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жер жүзінің мұсылмандары асыға күтіп, бір ай бойына тойланатын ерекше мереке – Мәуліт тойы, міне киелі Көкпекті топырағына да келіп жетті. 21 қаңтар күні Көкпекті ауылының Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде «Адамзаттың ардақтысы» атты мәуліт мерекесі болып өтті.
Мәулітке арналған салтанатты жиын Өскемен қаласындағы «Алтай» ер балалар медресесінен келген Руслан ұстаздың Құран аятын оқуымен басталды. Одан әрі аудандық мәслихаттың хатшысы Р.Беспаев сөз алып: «Қазіргі уақытта Ислам дініне қарсы шығып, соғыс зардаптарын көріп отырғандар аз емес. Мұндай жағдайды біздің халықтың басына бермесін. Сондықтан, дәстүрлі дінімізге бет бұрайық! Жүздеріне қуаныш, жүректеріне иман ұялаған қадірменді ағайын, Мәуліт мүбәрәк болсын», - деп құттықтау лебізін білдірді.


«Әр жылы рабиғ әл-аууәл айында әз Пайғамбарымыздың мәулiтiн мерекелеп, Алла тағалаға біз хазреті Мұхаммедтiң (с.ғ.с.) үмметi етiп жаратқанына шүкіршілігімізді білдіріп, сүйiктi елшісіне жамағат болып салауаттар айтамыз. Пайғамбарымыз хазреті Мұхаммедтi (с.ғ.с.) өз ата-анамызды танығандай тануымыз – баршамызға міндет. Сондықтан Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы елімізде Мәуліт айының дәстүрлі түрде және барынша кең ауқымда мерекеленуіне мұрындық болып келеді», – деді орталық мешіттің бас имамы Кенжебек Ахметқалиев.
Расында, Мәуліт айы – ислам дінінде өзіндік орны бар ерекше мерекелердің бірі. Мәуліт – араб сөзінен аударғанда «туылған уақыт» деген мағынаны білдіреді екен. Сондықтан әр жылы рабиғәләууал айында әз Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мәулiтi аталып өтiлуi ислам әлемiнде қалыптасқан дәстүр болып табылады. Мәуліт айы көптеген мұсылман елдерiнде кең көлемде аталып өтiледi. Бүгінде мәуліт мерекесін той-лаушылар саны елімізде күн санап артып келеді. Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде біз осының куәсі болдық. Осы орайда Мәулітке жиылған жұрт Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмі-рінен үлгі алып, соған сай амал ету керектігін көкейлеріне түйгендей болды. Мәулітте ауылдық округтің имамдары дәстүрлі мәуліт-шәріпті оқыды. Онда Алла елшісінің қадір-қасиеті мадақталып, оған салауат айтылып, сәлем жолданды.
Жиын соңында өңірімізде дәстүрлі Ислам дінін насихаттап жүрген Тассай ауылдық округінің клуб меңгерушісі Катрен Байжұманов пен Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің басшысы Нұрлан Тоянкеновқа алғыс хаттар табыс етілді. Мәуліт соңында аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы С.Мұқашев та өз лебізін білдіріп, бас имам Ерзат Қажы елімізге, халқымызға амандық, асыл дінімізге күш-қуат тілеп, дұға жасады.
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз