Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы мәдениет үйінде жол саласының ардагері Гүлдарай Закариянқызы Мұхамадиеваны 60 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, алғыс хаты мен естелік сыйлығын табыс етті. Жалпақ жұртқа сыйлы мерейтой иесі өз еңбек жолын қатардағы қарапайым жұмысшыдан бастап, жол маманы, мекеме басшысы болып, жауапты қызметтерді абыроймен атқаруда.


- Әрдайым арамызда ақылшы ұстаз, ардақты ардагер, абыройлы азаматшамыз болып аман-есен жүре беріңіз. Сіздің еңбегіңіз жас ұрпаққа үлгі боларлық. Бар ғұмырыңызды осы салаға арнаған жұмыстың қыр сырын меңгерген білікті маман бола жүріп, басшылық қызметіңізді абыройлы атқарып келесіз. Сізге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, отбасыңызға амандық тілеймін, - деді аудан басшысы.
Сонымен қатар, кездесуде «Қазақавтожол» ЖШС-нің бас директоры Ұлан Әліповтың атынан өндірістің басқарма басшысы Бақытжан Елеу-месов құттықтап, жылы лебізі мен алғыс хатын табыстады. Гүлдарай Закриянқызы табысты басшылық етіп отырған Жол пайдалану учаскесі – 29 мекемесі республикалық маңыздағы жолдарда қызмет атқарады. Аталмыш учаскеге Жарма ауданына қарасты Кеңтарлау ауылынан бас-тап Боғас бекетіне дейінгі 162 шақырым республикалық маңыздағы жол жатады. Мерейтой иесі Гүлдарай Закариянқызы осы салада 1979 жылдан бастап табанды қызмет атқарып келеді. Ұжымның алдында беделді, елге абыройлы жерлесіміздің мерейтойы – аудан үшін айтулы оқиға. Қыста қарлы боранмен алысып, жолда қалған жолаушыға жәрдем бере жүріп қауырт жұмыс істейтін ұжым жаз уақытында да қол қусырып отырмайды. Күн жылынып, көктем келе жолды қалыпқа келтіру бағытындағы тынымсыз еңбек басталады. Білікті басшысымен елге үлгі болып отырған еңбекқор ұжымға тек қана жеміс тілейміз!

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз