Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Сәндік қолөнердің ең ғажап үлгісі болып табылатын кес-те тігу ісі бағзы заманнан бар. Анасының қызына беретін тәлім-тәрбиесінің бастауы, тұрмыстық өмірге икемдеуі мен оның шабыт әлемін дамытуы – барлығы да осы кесте тігуді үйретуіне сыйып жатыр. Өзіндік маңызы бар әрі көркемдікті мата бетіне бейнелейтін аталмыш іс бүгінгі таңда да жалғасын тауып, нағыз шеберлердің басын қосуда. Аталмыш іске қызығушылық кестешінің есепке дәлдік қасиетімен қатар, ойлау қабілетінің жоғарылығын, әсемдік әлемін санасымен шолып, басқаларға көзбен көрсете алатындығын дәлелдейді. Преображенка ауылының тұрғыны Галина Искакова осы өнерді өмірінің айнымас бөлшегіне айналдырып, ендігіде ертеңге мирас етіп қалдыруды мақсат тұтады.


- Кесте тігу, тоқу өнеріне бала күнімнен қызығушылық танытамын, - деп бастады сөзін Галина Шаймардановна. – Мектепте оқып жүрген кезімде-ақ, қолыма кесте алар болсам бойымды ерекше тыныштық пен сабыр билеп, таңғажайып әлемге жетелейтін. Есейген кезде қызығушылығыңмен айналысуға уақыт та болмайды – оқу оқып, білім алу керек болды, кейін отбасы, балалар, жұмыстың ортасында жүріп кесте тігуге көп уақыт таба бермейтін болдым. Ал, зейнеткерлікке шыққан соң өмірдің әр сәтін жағымды етіп өткергіңіз келеді екен. Содан болар, жаныма жайлылық сыйлайтын істі қайта қолыма алдым. Соңғы бес жылда менің бала кезгі қызығушылығымнан бастау алған кесте тігу өнері өмірімде аса үлкен маңызға ие болып үлгерді. Қазіргі «Заманың түлкі болса, тазы боп шал» деген заман ағымына ілесу үшін тырмысып жүрген әйел адамдардың көпшілігіне жанына рахат беретін тыныштық пен шабыт жетпей жүргені анық. Мен сол жайлылық ордасын осы кесте тігу әлемінен тапқандаймын. Қолыма мата мен инені алған сәттен бастап, басқа ешнәрсе ойламай, сыртқы әлемнен өнер әлеміне қарай саяхаттап кетемін. Бұл жүйке жүйеңізді қалыпқа келтіретін болса, кестелеу кезінде иненің батқаны бір жағынан саусақтағы денсаулыққа маңызды нүктелерге жақсы әсер етеді. Сондықтан да, кесте тігу тек жанға шипа емес, дертке де дауа дер едім.
Галина Шаймардановнаның негізгі мамандығы педагог. Сарыбел ауылында туып-өскен ол, мектеп бітірген соң Индустриалды-педагогикалық техникумға оқуға түсіп, оны үздік аяқтайды. Тұрмыс құрған соң, Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округіне көшіп келген. Өмірлік жарымен бас қосқалы 49 жыл болған, үш бала өсіріп, өнегелі отбасының үлгісін көрсетіп отыр.
- Менің үш немерем бар. Солардың ортаншысы Алина кесте тігуге ерекше ықыласын байқатады. Жанымнан қалмай үйреніп, жаңа тігіс түрлерін меңгеріп алуға талпынады. Менің қызығушылығым немереме берілгеніне қуанышым шексіз, - дейді Галина Шаймардановна. – Осыншама еңбек пен ықылас төгілген кестеленген суреттерді жақындарыма сыйлағанда ерекше шабыттанамын. Себебі, бұл жұмыстармен бірге, менің жанымның бір бөлшегі, сезімдерім мен ниетім де оларға беріледі. Оларға қараған сайын, жақындарымның есіне мен түсемін деп ойлаймын.
Кесте үлгісін, арнайы жіптер мен жақтауларды ісмер Семей қаласынан алады. Бұндай кестеленген суреттердің үлгісінің бағасы 15 мың теңге мөлшерінде болады. Ал, сурет өзінің нағыз бейнесіне келіп, көріктене түсуі үшін оған қанша жұмыс жасалып, қанша тер төгіледі десеңізші. Бір тігістен қате кетсе немесе артық алынып қойса толық бейне шықпайды, бүкіл жұмыс бекер кетеді. Сол себепті, әр тігісті есептеп отыратын дәлділік пен төзімділік қажет бұл жұмысқа. Жай ғана қолөнер шеберлігі емес, математиканы да қажет ететін аталмыш іс Галина Шаймардановна үшін ең керемет демалыс уақытына айналған. Себебі, ол кісі өмірге деген көзқарасы мен шабытының шарықтар тұсын кесте бетіне бейнелейді. «Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды» деген сөз бар. Кестелеу өнері дүние жүзінің әр халқында бар. Әр халықтың тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты, тіпті әр кестені адамның жан-дүниесінің әлеміне байланысты ерекшеленеді. Дегенмен, оның барлығын біріктіретін – өнерге деген махаббат.

Бетті дайындаған:
Жансая СМАҒҰЛОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз