Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Сәуле Фахрутдинованың 1995 жылдан бері зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейінгі еңбек жолы қаржы, салық саласымен тығыз байланысты болды. 2013 жылға дейін 20 жылға таяу осы салада қызмет атқарып, мол тәжірибе жинаған майталман маман Көкпекті аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасында сыйлы адам. 14 тамызда аталып өтетін Мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Сайлаубике (Сәуле) Дүйсенғазықызы осы салада бірге еңбек еткен қызметтестерін еске алып, өз әріптестерін кәсіби мерейтойымен құттықтауды жөн көрді.
- Өзім туралы айтар болсам, бұрынғы Аягөз ауданына қарасты Ақтоғай станциясында қатардағы теміржолшылар отбасында дүниеге келгенмін. Әке шешем Аягөзге көшіп келді де сол жерде орта мектепті тәмамдадым. Техник–модельер мамандығын меңгеріп, 1976 жылы Фахрутдинов Мамай деген азаматпен сөз байласып, Көкпектіге келін болып түстім. Үлгілі отбасында үш бала өсіріп, жеткіздік. Бүгінде әрқайсысы жоғары білімді маман, түрлі салаларда еңбек етіп, үй болып, бізге немерелер сыйлап отыр, - дейді ардагер ана.


Сәуленің айтуынша, еңбек жолын тігін фабрикасынан бастап, кейіннен 14 жыл қатарынан машина-есептеу станциясында жұмыс істепті. - Станция жабылған соң паспорт үстелінде үш жыл еңбек жасадым да 1995 жылы салық басқармасына іс жүргізуші болып кірдім. 2002 жылы есепші-аудитор мамандығын алып, зейнеткерлікке бас маман болып шықтым. Жалпы мемлекеттік кірістер саласының жұмысы өте жауапты және оңай жұмыс емес. Қазіргі таңда еңбек ететін жаңа толқын жастарға аса төзімділік пен ыждаһаттылық тілеймін. Олар техниканың құлағында ойнайды. Біздің тәуелсіз Қазақстанымыз жалпылама халыққа түсінікті салық саласының жоғарғы қарқынымен дамуда. Салық саласының тиімділігі экономиканың дамуына әсер етеді, себебі бюджеттік-салық саясаты мемлекеттің бірден бір негізі болып табылады. Бүгінгі таңда ішкі құрылым жұмыстары жақсартылған, жаңа жүйелік технологиялар енгізілген, ол салық төлеушілер мен салық органдары арасындағы жұмысты оңайлатады. Көрсетілген сандар жетегінде білікті мамандардың күнделікті ынта жігері, қыруар жұмысы жатыр.
Салық қызметінде жақсы басшы болған Кагарманов Сабир, Искаков Сажид, Ешкенов Қыдырхан, Узаков Марат, Төлегенов Марат, Жұмағалиев Серікқазы деген азаматтарға алғыс айтамын. Ұзақ уақыт салық саласында мемлекеттің игілігі үшін еткен қызметім бағаланбай қалған жоқ. Аудандық әкімшіліктен, облыс-тан, Қаржы министрлігінен алған салық комитетінің мақтау қағаздарына ие болдым.
Салық қызметінің атаулы мерекесі қарсаңында әріптестерімді, салық қызметі ардагерлерін, салық жүйесіндегі барлық азаматтарды төл мерекелерімен құттықтаймын. Жас мамандарға өзім сияқты еңбек жолдарын осында аяқтауды тілеймін, салық қызметі ардагері атағын иелену бұйыртсын. Қиындыққа қарамай, еңбек ете біліңдер дегім келеді. Әріптестеріме әділеттік жағынан жастарға үлгі болуын, мемлекеттік қызметкердің әдептілігін сақтауын, жемісті еңбек, денсаулық, отбасында тыныштық пен береке тілеймін!

Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз